1991 жылы туған азаматтарды Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуден өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабын іске асыруда, Қазақстан Республика Үкіметінің 2006 жылдың 5 мамырдағы «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» № 371 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабын басшылыққа ала отырып, Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1991 жылы туған азаматтарды Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуден өткізу туралы от 03.01.2008 г. № 1/2 (1991 жылы туған азаматтарды Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуден өткізу туралы)
1. Шет аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы (Сұңғат Аймағамбетов келісім бойынша) және барлық кенттер мен ауылдық округтер әкімдері 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында Шет ауданының қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесінде 1991 жылы туған азаматтарды тіркеуге алуды ұйымдастырсын.
2. Шет аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктіріліген бөлімінің шақыру учаскесінде 1991 жылы туған азаматтардың тіркеуден өткізу жөніндегі комиссия құрамы №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. 1991 жылы туған азаматтарды дәрігерлік тексеруден өткізу үшін, маман дәрігерлер мен медбибілердің құрамы №2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Тіркеу кезінде жүргізілетін тәрбиелік, мәдени-көпшілік шаралар № 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
5. Шет ауданының кентер мен ауылдық округтер әкімдеріне азаматтарды тіркеу учаскесіне уақытылы жеткізуді қамтамасыз ету міндеттелсін.
6. Шет аудандық ішкі істер бөліміне (Қозыбай Тәттімбеков-келісім бойынша) әскери міндетті орындаудан жалтарған тұлғаларды іздестіру және шақыру учаскесіне жеткізуді ұйымдастыру ұсынылсын.
7. Шет ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне (Маркеш Жонкина) «Әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар» бюджеттік бағдарламасы бойынша қарастырылған қаржылар есебінен шақырылғандардың дәрігерлік сараптан өтуіне, автокөлікке, медициналық комиссия құрамына және кеңсе тауарларына қаржы бөлу жүктелсін.
8. Шет аудандық қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы (Сұңғат Айтмағамбетов-келісім бойынша) азаматтардың әскерге шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету шараларын алсын. Тіркеу қорытындысы туралы 2008 жылдың 15 сәуіріне Шет ауданының әкіміне хабарлансын.
9. Шет ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 06 қаңтардағы «1990 жылы туған азаматтарды Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесінде тіркеуден өткізу туралы» № 1/1 қаулысының (2007 жылғы 26 қаңтардағы мемелекеттік тіркеу № 8-17-37) күші жойылсын деп танылсын.
10. Осы қаулының оындалуына бақылау жасау Шет ауданы әкімінің орынбасары Қайыржан Кәрімұлы Тілеубергеновке жүктелсін.
11. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Айтмағамбетов Сұңғат Құнанбайұлы
Шет аудандық қорғаныс істері жөніндегі
біріктірілген бөлімінің бастығы
03.01.2008 ж.
Тәттімбеков Қозыбай Сейтқалыұлы
Шет аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
03.01.2008 ж.
Әбітаева Хауарира Бергенқызы
Шет аудандық медициналық бірлестігінің
директоры
03.01.2008 ж.
Жонкина Маркеш Жекенқызы
Шет ауданының экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің меңгерушісі
03.01.2008 ж.
Қасым Есенбай Бейсенбайұлы
Шет ауданының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі
03.01.2008 ж.
Шет ауданының әкімдігінің
2008 жылғы 03.01. № 1/2
қаулысына № 1 қосымша
Комиссия құрамы:
Айтмағамбетов Сұңғат Құнанбайұлы - Шет аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Қасым Есенбай Бейсенбайұлы - Шет ауданының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Баданов Бауыржан Амангелдіұлы – Шет аудандық ішкі істер бөлімі бойынша қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Жазыбаев Есенжол Серікұлы – Шет аудандық медициналық бірлестігінің дәрігері – хирург, медициналық комиссиясының төрағасы (келісім бойынша);
Сакенова Замзагуль – Шет аудандық денсаулық сақтау бірлестік медбибісі, комиссия хатшысы (келісім бойынша);
Шет ауданының әкімдігінің
2008 жылғы 03.01. № 1/2
қаулысына № 2 қосымша
Дәрігерлер мен медбибілердің құрамы:
р/с
Аты - жөні
Қызметі
1
Жазыбаев Есенжол Серикулы
Хирург – медициналық комиссиясының төрағасы
2
Абишева Меруерт Дузелқызы
Терапевт
3
Толеукенова Алма Самбетқызы
Невропатолог
4
Абильжанова Бақыт Қадырманқызы
Дерматолог
5
Базылов Амантай Халелович
Рентгенолог
6
Жанабекова Сауле Толеубайқызы
Отолоринголог
7
Байдалина Жанар
Стоматолог
8
Толеукенова Алма Самбетқызы
Психиатр
9
Абишева Меруерт Дузелқызы
Окулист
10
Ахметова бақыт Картайқызы
Медбибі
11
Игликова Нуржамал
Медбибі
12
Тлеуберлина Гулбахрим Токишқызы
Медбибі
13
Омарова Кокен Шарипқызы
Медбибі
14
Сакенова Замзагуль
Медбибі
15
Смайлова Шарбат Куандыкқызы
Медбибі
16
Олжабаева Жанар Кабидолдақызы
Медбибі
Агадырский район
1
Мукушев Кайрат Хамитулы
Отолоринголог
2
Абдрахманов Найманбай Жумабаевич
Хирург
3
Кенжебекова Айша Мусаевна
Терапевт
4
Карашулакова Раушан Амантаевна
Дерматолог
5
Тамабекова Гулнар Сейдрахманқызы
Невропатолог
6
Танатаров Мырзагуль Жумагулович
Стоматолог
7
Аринов Наби Мамаевич
Стоматолог
8
Тамабекова Гулнар Сейдрахманқызы
Психиатр
9
Акишева Раушан Батталқызы
Окулист
10
Мукышев Кайрат Хамитулы
Медбибі
11
Ким Марина
Медбибі
12
Ахметбекова Жанар
Медбибі
13
Мукажанова Айдын
Медбибі
14
Каюпова Рысты
Медбибі
15
Ахметбекова Лаззат
Медбибі
16
Котрашева Айда
Медбибі
Шет ауданының әкімдігінің
2008 жылғы 03.01. № 1/2
қаулысына № 3 қосымша
Мәдени – көпшілік шаралар
р/с
Атқарылатын іс-шаралар
Өткізілетін мерзімі
Жауапты адамдар
1
Азаматтарды тіркеу негізінде тәртіптің сақталуы жөніндегі тәрбие жұмыстарын жүргізу.
9-дан 17-ге дейін
Айдар Беспаев
Шет аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бөлімше бастығы /келісім бойынша/
2
«Отанды қорғау-Қазақстан Республикасы азаматтарының міндеті» деген тақырыпта әңгіме өткізу
10-нан 10.50 - ге дейін
Сұнғат Айтмағамбетов Шет аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы /келісім бойынша/
3
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастары жөнінде әңгіме өткізу
11 – ден
11.50 – ге дейін
Қасым Есенбай Бейсенбайұлы Шет ауданының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі
4
Қазақстан Республикасының мемелекеттік рзімдері туралы түсінік беру
12 – ден 12.50 – ге дейін
Омарбков Алтай Шет аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бөлімше қызметкері /келісім бойынша/.
5
Медициналық сараптама өткізу және әскери оқу орынлдары түсу үшін керек құжаттпр жайлы анықтама беру
14 – тен
16.50 – ге дейін
Дәрігерлер құрамы, Шет аудандық қорғаныс істер бөлімінің бастығы.
6
Бір күндік жұмыстың қорытындысын жасау. Азаматтарға тіркеу куәлігін тапсыру рәсімі
17 – ден 18 – ге дейін
Айдар Беспаев Шет аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бөлімше бастығы. /келісім бойынша/