Қаратал ауданы бойынша 1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Қаратал ауданы бойынша 1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
- Атауы (қаз.)
- Қаратал ауданы бойынша 1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1-01
- Қабылданған күні
- 03.01.2008
- Көрсетілген редакция
- 03.01.2008 · қолданыстағы 37572_351741.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.01.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08DL000062
- ЭКБ идентификаторы
- 37572
- Редакция идентификаторы
- 37572_351741
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:17
0 Қаратал ауданы бойынша 1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару тұралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13- тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет тұралы» Заңының 17 -бабының 3-және 5 - тармақтарына сәйкес, 1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алуды сапалы жүргізу, сондай-ақ жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскери қызметке шақыруға дайындық жұмыстарын жақсарту мақсатында Қаратал ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. 2008 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1991 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алынсын.
2 2. Қаратал ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу үшін «Қаратал ауданынын қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінде аудандық шақыру учаскесі құрылсын.
3 3. Осы мақсатта қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімі арнайы құрал- жабдықтармен, ic-құжаттарын жүргізетін қажетті техникалық жұмысшылармен, қызмет етуші персоналдармен қамтамасыз етілсін.
4 4. 1991 жылы туылған, сондай-ақ шақыру учаскесінде бұрын тіркеуге альнбаған жасы ұлғайган азаматтарды дер кезінде, толық және ұйымшылдықпен тіркеуге алу қамтамасыз етілсін.
5 5. «Қаратал ауданының ішкі icтep бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (М. Қорғанбаев) ұсынылсын:
1 1)2008 жылғы 17 қаңтарға дейін аудандық қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімінде жасөспірімдердің icтepi жөніндегі инспекцияда есепте тұрған жастардың тізімін беру;
2 2)аудандық қорғаныс icтepi жөніндегі бөліміне әскерге шақыру учаскесінде тізімге тұрудан жалтарып жүрген жастарды іздестіруде көмек көрсету, ол үшін аудандық icтep бөлімі мен қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімі өкілдерінен іздестіруді бақылау және іздестіру тобын құру.
6 6. «Қаратал ауданының орталық аудандық ауруханары» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (Р .Тапенов) ұсынылсын:
1 1)аудандық қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімі тізімге алушыларды медициналық тексеруден өткізу кезінде жан-жақты көмек көрсету жөніндегі шараларды әзірлеу, бұл іске тәжірибелі дәрігерлер мен қажетті орта медициналық қызметкерлерді қатыстыру;
2
2)2008 жылғы 1 қаңтарға дейін аудандық қорғаныс icтepi жөніндегі бөліміне 1991 жылы туылған, амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың қажетті медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, тepi-венерологиялық және психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірімдер кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрған жастардың тізімін тапсыру;
3 3)тіркеуге алуға дейін 1991 жылы туылған барлық жастарды қажетті
медициналық тексеруден өткізу;
4 4)ауыратыны анықталған жасөспірімдердің арасындағы сауықтыру
жұмыстарын тікелей медициналық тексеру кезінде бастау, олардың тізімін осы жасөспірімдердің тұрғылықты жерлеріндегі емхананың маман- дәрігерлеріне тапсыру.
7 7. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Ш.
Қаймолдина):
аудандық корғаныс icтepi жөніндегі бөлімге мүгедек деп танылатын 1991 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын.
8 8. «Қаратал ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
(Н. Тортаев):
1 1)тіркеуге алу кезінде орта білімі жоқ жастарды анықтау үшін аудандық қорғаныс icтepi жөніндегі бөліміне мұғалім бөліп, олардың оқуын ұйымдастырсын:
2 2)1991 жылы туылған жастар арасында әскери оқу орындарына түсетін қандидаттарды іріктеп алу жұмысын жүргізсін.
9 9. Аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімі (Ж. Әлімбетов):
1 1) кәсіпорындарда, ұйымдарда және оқу орындарында әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жастардың дайындығына бақылауды жүзеге асырсын;
2 2)тipкeyгe алу кезінде шақырылушы жастар арасында әскери-патриоттық мәселелер бойынша тәрбиелік және түсінктеме жұмыстарын ұйымдастырып, өткізсін.
10 10. «Қаратал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
Мекемесінің бастығына (F. Жантурин) осы шешімнің орындалу барысы және азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу корытындысы туралы Қаратал ауданы әкіміне 2008 жылдың 5 сәуіріне дейін ақпарат тапсыру ұсынылсын.