Теректі ауданының шақыру учаскелеріне 1991 жылы туған азаматтарды тіркеуді жүргізу туралы
ҚАЗТеректі ауданының шақыру учаскелеріне 1991 жылы туған азаматтарды тіркеуді жүргізу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Теректі ауданының шақыру учаскелеріне 1991 жылы туған азаматтарды тіркеуді жүргізу туралы
- Атауы (қаз.)
- Теректі ауданының шақыру учаскелеріне 1991 жылы туған азаматтарды тіркеуді жүргізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6
- Қабылданған күні
- 17.03.2008
- Көрсетілген редакция
- 17.03.2008 · қолданыстағы 38989_327805.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 17.03.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08ZL000054
- ЭКБ идентификаторы
- 38989
- Редакция идентификаторы
- 38989_327805
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:51
0 Теректі ауданының шақыру учаскелеріне 1991 жылы туған азаматтарды тіркеуді жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33, 37 баптарын және Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскелеріне Қазақстан Республикасының 1991 жылы туған азаматтарын тіркеу 2008 жылдың наурыз айында жүргізілу ұсынылсын;
2 2. Тіркеуді жүргізу кезеңіне Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының жоғары әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу өткізілу ұсынылсын;
3 3. Ауыл округтерінің әкімдеріне, кәспорын және мекеме басшыларына азаматтардың шақыру учаскелеріне тіркеуді өту үшін Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркеуді өту үшін келуін қамтамасыз етуге қажетті шаралар алу ұсынылсын;
4 4. Ауыл округтерінің әкімдеріне шақыру учаскелеріне жастарды алып баруға алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларын тарту ұсынылсын;
5 5. «Теректі ауданының Федоров аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны:
1 1) Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге көмек көрсету жөніндегі шаралар дайындау тәжірибелі маман - дәрігерлерді, орта медициналық қызметкерлерінің қажетті санын тарту, шақыру пункттерін керекті медициналық - санитарлық жабдықтармен және құралдармен қамтамасыз ету ұсынылсын;
2 2) флюрографиялық тексеруді, сараптамалау және алдын - ала егуді өткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын;
3 3) тіркеуге жататын адамдарға медициналық құжаттамаларды және тубдиспансерде, тері-венерологиялық, психонерологиялық диспансерлерде және жұқпалы ауруханада есепте тұратын адамдардың тізімін аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге тапсыруы ұсынылсын;
4 4) қажетті жағдайларда шақырушыларды стационарлық тексеруден өткізуді қамтамасыз ету, ол үшін қажетті мөлшерде мақсатты белгіленген төсек-орын бөлінуді қарастыру ұсынылсын;
5 5) шақырушылар арасында емдеу-сауықтыру жұмыстарын тіркеудің бастамасын жүргізу, тіркеу нәтижесінде анықталғандардың сауықтырылуын 2008 жылдың 5 мамырына дейін аяқтау ұсынылсын;
6 6. Аудандық ішкі істер бөліміне (Өтемісов Р.А.) тіркеу кезеңіне шақыру учаскелерінде тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың шақыру учаскелеріне келуін бақылауды іске асыру, тіркеуден жалтару әрекеттерін тоқтату ұсынылсын;
7
7. Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (бастықтың міндетің атқарушы Садыхов Д.А.) аудандық білім беру бөліммен (Аскарова Г.Г.) бірлесе отырып, жоғары сынып оқушылары арасында оларды әскери оқу орындарына жіберу үшін үміткерлерді анықтау және іріктеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылсын;
8 8. Аудандық білім беру бөлімі (Асқарова Г.Г.) алғашқы әскери дайындықтың нормативтік талаптарының орындалуы бойынша жастардың жүйелі дайындығын ұйымдастыру ұсынылсын.
9 9. Теректі ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 4 ақпандағы «Теректі ауданының шақыру учаскелеріне 1991 жылы туған азаматтарды тіркеуді жүргізу туралы» № 4 қаулысы жойылды деп танылсын.
10 10. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұрғалиев Әлжан Жақсыгерейұлына жүктелсін.
11 11. Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (бастықтың міндетің атқарушы Садыхов Д.А.) тіркеудің нәтижелерін аудан әкімдігіне 2008 жылдың 15 сәуіріне тапсыру ұсынылсын.
12 12. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі
бастығының міндетін атқарушы
Д.Садыхов
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
Р.Өтемісов
КЕЛІСІЛДІ:
Теректі ауданының Федоров
аудандық емханасы директорының
міндетін атқарушы
З.Даулетова