Құжат мәтініне өту

1992 жылы туған азаматтарды Ақжайық аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу өткізу туралы

Өзге акт · № 20 · қабылданған 05.12.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 05.12.2008 редакциясы
https://adilet.kz/laws/1992-ekb-42747/?version=42747_315594.kaz
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
1992 жылы туған азаматтарды Ақжайық аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу өткізу туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 20 ·05.12.2008
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

1992 жылы туған азаматтарды Ақжайық аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу өткізу туралы

ҚАЗ1992 жылы туған азаматтарды Ақжайық аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу өткізу туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 20 · қабылданған 05.12.2008

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
1992 жылы туған азаматтарды Ақжайық аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу өткізу туралы
Атауы (қаз.)
1992 жылы туған азаматтарды Ақжайық аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу өткізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
20
Қабылданған күні
05.12.2008
Көрсетілген редакция
05.12.2008 · қолданыстағы 42747_315594.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
05.12.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08ZB000067
ЭКБ идентификаторы
42747
Редакция идентификаторы
42747_315594
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:28

0 1992 жылы туған азаматтарды Ақжайық аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу өткізу туралы

Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 08.07.2005 жылғы Заңының 17 бабына сәйкес әскерге тіркеу шараларының ұйымдастырылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23.01.2001 ж. Заңының 33 бап 1 тармақтың 13 тармақшасын 37 баптың, 3,7 тармақтарын басшылыққа алу негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1 1. 1992 жылы туған азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды 2008 жылғы 1-ші қаңтардан наурыздың 31-і аралығында шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастырып, өткізілсін.

2 2. Азаматтарды тіркеу:

Алғабас, Ақсуат, Ақжол, Бударин, Есенсай, Жайық, Жамбыл, Жанабұлақ, Қабыршақты, Құрайлысай, Қарауылтөбе, Мерген, Чапаев ауылдық округтерінде тұратындар үшін Ақжайық ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде өткізілсін:

1 1) Базаршолан, Базартөбе, Алмалы, Тайпақ, Сарытоғай ауылдық округтерінде тұратындар үшін Тайпақ аумақтық медициналық бірлестігінде өткізілсін.

3 3. Ақжайық ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеу жөніндегі жұмыс кестесін жасақтасын.

4 4. Чапаев аумақтық медициналық бірлестігі Мемлекеттік мекемесінің бас дәрігеріне /М.Дусеев/ тапсырылсын:

1 1) азаматтарды медициналық тексеру алдында лабораториялық зерттеу мен талдаудан өткізуді қамтамасыз ету;

2 2) азаматтарды медициналық тексеру мақсатында дәрігер-мамандар мен үш орта буын дәрігерлік қызметкерлерін бөлу;

3

3) азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу кезеңінде шақыру комиссиясының жолдамасымен келген шақырылушыларды стационарлық және амбулаториялық тексеруден өткізуді қамтамасыз ету және осы мақсатта хирургия, терапевт, инфекция бөлімдерінен, сондай-ақ аудандық туберкулез ауруханасынан 3 төсекке дейін орын бөлу, қосымша тексеру мен емдеу барысы туралы бөлімге уақтылы хабарлау.

5 5. Ауыл әкімдеріне, мектеп және оқу орындарының басшыларына: тіркеуге жататын азаматтарды шақыру учаскесіне жергілікті әкімшілік өкілі немесе мектептің алғашқы әскери дайындық пәні ұйымдастырушыларының басшылығымен уақытылы келуін қамтамасыз етсін.

6 6. Аудандық ішкі істер бөлімі бастығы (Б.Зиналиев) әскерге шақыру пунктінде қоғамдық тәртіп сақтау мақсатында ішкі істер органы қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастырсын.

1 1) Шақыру учаскесіне тіркелуден бас тартқан немесе келмей қалған азаматтарды іздеп, тауып, олардың бөлімге келуіне ықпал ететін болсын.

7 7. Аудандық білім бөлімі бастығы /М.Абдуғажиев/ орта және толық емес орта білімі жоқ жасөспірімдерді анықтап, оларды кешкі - сырттай мектепке тарту шараларын іске алсын.

8 8. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы (Бердигалиев Б.) кандидаттарды әскери техникалық - мамандықтар мен әскери оқу орындарына оқуға түсуге жіберу үшін алдын ала іріктеуді ұйымдастырсын.

9 9. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы (М.Игильманов) жас өспірімдердің дене күшінің жетілу деңгейін тексеруді ұйымдастырсын.

10 10. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (Б.Бердигалиев) 2008-ж. наурыздың 31-не әскерге шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеудің қорытындысы туралы хабарласын.

11 11. Осы қаулының орындалуын бақылау Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Б.Бердигалиевке тапсырылсын.

12 12. Осы шешім баспасөзде ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.