О проведении приписки на призывном участке государственного учреждения "Управление по делам обороны города Актобе" граждан 1992 года рождения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении приписки на призывном участке государственного учреждения "Управление по делам обороны города Актобе" граждан 1992 года рождения
- Атауы (қаз.)
- 1992 жылы туған азаматтарды "Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6
- Қабылданған күні
- 10.12.2008
- Көрсетілген редакция
- 10.01.2010 AI42913_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.01.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08CA000100
- ЭКБ идентификаторы
- 42913
- Редакция идентификаторы
- AI42913_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:27
0 1992 жылы туған азаматтарды "Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 "Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі және Ережені бекіту туралы" Қаулысын орындауға байланысты, Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33 , 37 баптары негізінде қала әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. 2009 жылдың 12 қаңтары мен 31 наурызы аралығында "Ақтөбе қаласы қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесiне тiркеу жылы жасы 17 жасқа толатын 1992 жылы туған азаматтарды, сонымен қатар бұрын тiркеуден өтпеген, Ақтөбе қаласының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тiркеу жүргiзiлсiн.
Шараларды орындауға байланысты шығындар жергiлiктi бюджет қаржылары есебiнен жүзеге асырылады.
2 2. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасына (Қ. Қ. Сабыр келісім бойынша) "Ақтөбе қалалық қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағына бөлу ұсынылсын:
1 1) тiркелушілерге медициналық куәлiк берудi жүргiзу үшiн дәрiгер-мамандарды және медбикелерді;
2 2) тiркелушілерді медициналық құжаттармен сапалы және толық қамтамасыз ету үшiн жеткіншектер кабинеттерiнiң дәрiгерлерiн;
3 3) шақыру учаскесіне шақырушылар санының көбеюіне байланысты қосымша медициналық комиссиядан өткізу үшін дәрігер-мамандарды және медбикелерді;
4 4) дәрігер - мамандардың резервтік құрамын;
5 5) медициналық комиссия жұмысы үшiн қажетті медициналық мүлiктердi, құралдарды және дәрi - дәрмектердi.
3 3. Меншiк түрiне қарамастан кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшыларына ұсынылсын:
1 1) тiркеуге жататын азаматтарға оларды қалалық шақыру пунктiне шақырғаны туралы хабар беру және олардың бұл шақыру бойынша дер кезiнде келуiн қамтамасыз ету;
2 2) азаматтарды әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындауға қажетті уақытқа олардың жұмыс (оқу) орындарындағы айлығын (шәкіртақысын) сақтай отырып, жұмыстан (оқудан) босату;
3 3) техникалық қызметкерлердің қажетті санын бөлу.
4
4. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Е. Г. Нұрғалиев келісім бойынша) "Ақтөбе қаласы қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (Т. К. Бөлтеев) бiрлесе отырып, қала мектептерiнде оқитын барлық 1992 жылы туған азаматтарды толық тiркеуге алуды бақылауды жүзеге асыру ұсынылсын. Тiркелу кезiнде анықталған барлық орта бiлiмi жоқ азаматтарды кейiн күндiзгi және сырттай жалпы бiлiм беру мектептерiнде оқытатындай етiп есепке алсын.
5 5. Қалалық iшкi iстер бөлiмiне (Е. Б. Есмаханов келісім бойынша) полиция нарядын бөл ұсынылсын: шақыру пунктінде қоғамдақы тәртіпті сақтау үшін екі адам және іздестіру тобы үшін екі адам.
6
6. Қалалық әділет басқармасына (Б. С. Ерімбетов келісім бойынша), N 2 қалалық сотқа (А. А. Құрмантаев келісім бойынша) меншiк түрiне қарамастан органдар мен ұйымдарға тіркеу жүргізу кезеңінде Қазақстан Республикасының "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 18 бабында қарастырылған мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.