О проведении приписки граждан 1992 года рождения и старших возрастов, не прошедших приписку, к призывному участку Аккайынского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении приписки граждан 1992 года рождения и старших возрастов, не прошедших приписку, к призывному участку Аккайынского района
- Атауы (қаз.)
- Аққайың ауданының шақыру учаскесіне 1992 жылы туған және одан үлкен жастағы бұрын шақыру учаскесінде тіркелмеген азаматтардың тіркеуін өткізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5
- Қабылданған күні
- 06.01.2009
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2012 43419_195748.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09SB000093
- ЭКБ идентификаторы
- 43419
- Редакция идентификаторы
- 43419_195748
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:04
0 Аққайың ауданының шақыру учаскесіне 1992 жылы туған және одан үлкен жастағы бұрын шақыру учаскесінде тіркелмеген азаматтардың тіркеуін өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17, 18-баптарына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережеге сәйкес, әскерге шақыру жасына дейінгі шақырылушыларды әскери есепке алу үшін, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аудан аумағында 2009 жылы қаңтар-наурызда 1992 жылы туған және одан үлкен жастағы, бұрын шақыру учаскесінде тіркелмеген Қазақстан Республикасының ер азаматтардың тіркеуі өткізілсін.
2 2. 1 қосымшаға сәйкес шақыру учаскесіне азаматтардың тіркеуін өткізу жөніндегі аудандық комиссия құрамы бекітілсін.
3 3. 2 қосымшаға сәйкес шақыру учаскесіне азаматтардың тіркеуін өткізу жөніндегі аудандық комиссияның жұмыс тәртібі бекітілсін.
4
4. «Казақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Казақстан облысы әкімдігінің Аққайың аудандық емхана» коммуналдық мемлекетік қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) шақырылушыларды медициналық куәландыру үшін мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар дәрігер мамандарды және орта медициналық қызметшілердің қажетті санын бөлсін.
5
5. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Аққайың аудандық орталық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) әскерге шақырылушыларды стационарлық тексеру үшін Аққайың аудандық орталық ауруханасында терапевтік бөлімде - 9 орын, хирургия бөлімінде - 3 орын қарастырсын.
6 6. «Аққайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) (Бұдан әрі мәтін бойынша – Қорғаныс бөлімі):
1 1) шақыру бекетіне үй жай бөліп және оның қалыпты жылыту жағдайын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдансын;
2 2) әскерге шақырылушылармен әскери-патриоттық тәрбие жөнінде жұмысты өткізу үшін шақыру учаскесінде үгіт бекетін ұйымдастырсын.
3 3) 1992 жылғы және одан үлкен жаста, бұрын шақыру учаскесінде тіркелмеген азаматтардың тіркеу кестесі жасалсын және округ әкімдеріне жеткізілсін.
7 7. «Аққайың аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) шақыру учаскесіне азаматтардың тіркеуін өткізу кезінде:
1 1) Қорғаныс бөлімінің мәлімдемесі бойынша әскери есепке тіркелуден бас тартқандарды іздестіру және ұстауды жүзеге асырсын;
2 2) құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеу кезінде полиция қызметкерін бөлсін;
3 3) шақыру учаскесіне дейін әскерге шақыру жасына дейінгі шақырушыларды полиция инспекторы алып баруын ұйымдастырсын.
8 8. Селолық округ әкімдері:
1 1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскерге шақыру жасына дейінгі шақырылушылардың тізімін ұсынсын;
2 2) әскерге шақыру жасына дейінгі шақырылушылардың шақыру учаскесіне белгіленген мерзімде келуін және оларды әскери есепке алу жөніндегі маман мен полиция учаскесінің инспекторы бірлесіп кері алып баруды қамтамасыз етсін.
9 9. «Аққайың аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі тіркеу жөніндегі іс-шаралардың қаржыландырылуын жергілікті бюджетте осы мақсаттарға қарастырылған қаржы есебінен қамтамасыз етсін.
10 10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Х. Сауытовқа жүктелсін.
11 11. Осы қаулы Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған кезден бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
20 Аққайың ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 6 қаңтардағы
№ 5 қаулысына
1-қосымша
Азаматтар тіркеуін өткізу жөніндегі аудандық комиссияның
НЕГІЗГІ ҚҰРАМЫ
Баймұқанов
Мереке Бүркенұлы
- «Аққайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келiсiм бойынша)
Үмбетов
Әлкен Қажмұқанұлы
- «Аққайың аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, төрағаның орынбасары
Комиссия мүшелерi:
Оспанов
Айдар Хабдрашітұлы
- «Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің Аққайың аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келiсiм бойынша)
Құнанбаева
Қайныл Шайхымқызы
- «Казақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Казақстан облысы әкімдігінің Аққайың аудандық емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының терапевт-дәрігері, дәрігерлік комиссияның төрайымы (келiсiм бойынша)
Байбатырова
Айнаш Нұрланқызы
- «Казақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Казақстан облысы әкімдігінің Аққайың аудандық емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының дәрігерлік бибісі, комиссия хатшысы (келiсiм бойынша)
Резервтік комиссияның құрамы
Скрипко
Владимир Михайлович
- «Аққайың ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің шұғыл мәселелер, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі бас маман, төрағаның орынбасары
Комиссия мүшелері
Тасимов
Руслан Анатольевич
- «Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің Аққайың аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полицияның аға учаскелік инспекторы (келiсiм бойынша)
Куприянова
Римма Ивановна
- «Казақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Казақстан облысы әкімдігінің Аққайың аудандық емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының терапевт-дәрігері, дәрігерлік комиссияның төрайымы (келiсiм бойынша)
Ілішова
Күлжан Нұрғалиқызы
- «Казақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Казақстан облысы әкімдігінің Аққайың аудандық емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының дәрігерлік бибісі, комиссия хатшысы (келiсiм бойынша)
21 Аққайың ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 6 қаңтардағы
№ 5 қаулысына
2-қосымша
Азаматтар тіркеуін өткізу жөніндегі комиссияның жұмыс тәртібі
1
1. Азаматтар тіркеуін өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі мәтін бойнша – Комиссия) өзінің қызметін «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ереже негізінде жүзеге асырады.