Құжат мәтініне өту

О проведении приписки граждан 1992 года рождения, а также граждан старших возрастов не прошедших ее ранее, к призывному участку государственного учреждения "Отдел по делам обороны Жаксынского района Акмолинской области"

Өзге акт · № 21 · қабылданған 29.12.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1992-ekb-43425/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О проведении приписки граждан 1992 года рождения, а также граждан старших возрастов не прошедших ее ранее, к призывному участку государственного учреждения "Отдел по делам обороны Жаксынского района Акмолинской области" Күшін жойған Өзге акт ·№ 21 ·29.12.2008
10.07.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении приписки граждан 1992 года рождения, а также граждан старших возрастов не прошедших ее ранее, к призывному участку государственного учреждения "Отдел по делам обороны Жаксынского района Акмолинской области"

Күшін жойған Өзге акт ·№ 21 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении приписки граждан 1992 года рождения, а также граждан старших возрастов не прошедших ее ранее, к призывному участку государственного учреждения "Отдел по делам обороны Жаксынского района Акмолинской области"
Атауы (қаз.)
1992 жылы туған азаматтарды, сол сияқты алдында тіркеуден өтпеген жасы үлкен азаматтарды "Ақмола облысы Жақсы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі учаскесінде тіркеу өткізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
21
Қабылданған күні
29.12.2008
Көрсетілген редакция
10.07.2009 43425_205375.kaz
Соңғы өзгеріс
10.07.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08BM000084
ЭКБ идентификаторы
43425
Редакция идентификаторы
43425_205375
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:07

0 1992 жылы туған азаматтарды, сол сияқты алдында тіркеуден өтпеген жасы үлкен азаматтарды "Ақмола облысы Жақсы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі учаскесінде тіркеу өткізу туралы

Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 08 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына және Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33, 7 баптарына сәйкес, 1992 жылы туған азаматтарды, сол сияқты алдында осы есепке тұрмаған жасы үлкен азаматтарды әскери есепке алу үшін, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын, жалпы білім деңгейін, алған мамандығы мен дене шынығуының дайындық деңгейін айқындау мақсатында, аудан әкімі ШЕШТІ:

1 1. Тіркеуді өткізу кезеңіне аудандық шақыру учаскесі «Ақмола облысы Жақсы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мына мекен жайда құрылсын: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Совет көшесі, 24.

2 2. 2009 жылдың қантар-наурыз аралығында аудандық шақыру учаскесіне жасы он жетіге толған 1992 жылы туған ер азаматтарды тіркеу өткізілсін.

3 3. Ауыл және ауылдық округтердің әкімдеріне, ұйым басшыларына:

1 1) «Ақмола облысы Жақсы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 1992 жылы туған 2009 жылы шақыру учаскесінде тіркеуден өткізілуге тиісті ер жігіттердің тізімін тапсырсын;

2 2) әскерге шақыру учаскесіне тіркеу бойынша аудандық комиссияға 1992 жылы туған азаматтарды, сол сияқты алдында тіркеуден өтпеген жасы үлкен азаматтарды жеке шақыру қағаздарында белгіленген мерзімінде келуін қамтамасыз етсін.

4

4. Ақмола облысы Денсаулық сақтау департаментінің жанындағы «Жақсы аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылықкәсіпорнына (келісім бойынша) азаматтарды тіркеу бойынша аудандықкомиссияның қарамағына азаматтарды медициналық куәландырылуын өткізу үшін қажетті тәжірибелі дәрігерлерді, мамандарды және орта медициналық қызметшілерді бөлсін;

5 5. Кәсіпорын, мекемелеріне және ұйым басшыларына меншік нысанына қарамастан және ауданның оқу орындарына әскерге шақыру учаскесіне тіркелетін азаматтарды тіркеу бойынша аудандық комиссияда тіркеуден өту уақытында жұмыстан және оқудан босату ұсынылсын.

6 6. «Ақмола облысы Жақсы ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келісе отырып әскери есепке тұруға келмеген тұлғаларды уақытында іздестірсін.

7 7. «Ақмола облысы Жақсы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына әскерге шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеуден өткізу барысы және қорытындысы туралы аудан әкімдігіне жүйелі түрде ақпарат беру ұсынылсын.

8 8. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ж.Бралинаға жүктелсін.

9 9. Осы шешім Жақсы ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
«Ақмола облысы
Жақсы ауданының
Ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы А.Жапаров
«Ақмола облысы
Жақсы ауданының
Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Н.Мельников
Ақмола облысы
Денсаулық сақтау
Департаментінің жанындағы
«Жақсы аудандық емханасы»
мемлекеттік коммуналдық
қазынашылық кәсіпорнының
бас дәрігері Н.Усина

Қолданыстағы