1992 жылы туылған азаматтардың әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 1992 жылы туылған азаматтардың әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
- Атауы (қаз.)
- 1992 жылы туылған азаматтардың әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 12-38
- Қабылданған күні
- 26.12.2008
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2009 · қолданыстағы AI43438_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08DB000074
- ЭКБ идентификаторы
- 43438
- Редакция идентификаторы
- AI43438_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:10
0 1992 жылы туылған азаматтардың әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
Қазақстан Республикасының “Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” Заңының 17-бабындағы 3 тармағына сәйкес, 1992 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды уақытылы және сапалы жүргізу, сондай-ақ жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да жасақтарға және әскери қалыптасуларға әскери қызметке шақыруға дайындық жұмыстарын жақсарту мақсатында қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. 2009 жылғы қантар-наурыз айларында 1992 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алынсын.
2 2. Қалалық ішкі істер бөлімі (Мақсат Болатұлы Құсаинов) (келісім бойынша):
1 1) 2009 жылғы 15 қаңтарға дейін қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жасөспірімдердің істері жөніндегі бөлімінде есепте тұрған жастардың тізімін берсін;
2 2) Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге, әскерге шақыру учаскелерінде тізімге тұрудан жалтарып жүрген жастарды іздестіруге көмек көрсетсін.
3 3. “Қапшағай қалалық ауруханасы” мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (Әсен Самарұлы Уәлиханов) (келісім бойынша):
1 1) Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге тізімге алынушыларды медициналық тексеруден өткізу кезінде жан-жақты көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін;
2
2) 2009 жылғы 15 қаңтарға дейін қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1992 жылы туылған жастарға, амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық, психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірімдер кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрғандар жастардың тізімін тапсырсын;
3 3) тіркеуге алуға дейін 1992 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізсін;
4 4) ауыратыны анықталған жасөспірімдердің арасындағы сауықтыру жұмыстарын тікелей медициналық тексеру кезінде бастасын, олардың тізімін осы жасөспірімдердің тұрғылықты жерлеріндегі емхананың маман-дәрігерлері тапсырсын.
4 4. “Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесі (Гүлжамал Байболқызы Соппекова):
қорғаныс істері жөніндегі бөлімге, мүгедек деп танылған 1992 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын.