О проведении приписки граждан мужского пола 1992 года рождения к призывному участку и старших возрастов, ранее не прошедших приписку
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении приписки граждан мужского пола 1992 года рождения к призывному участку и старших возрастов, ранее не прошедших приписку
- Атауы (қаз.)
- 1992 жылы туған және алдында тіркеуді өтпеген ересек жастағы азаматтардың ер жынысы әскерге шақыру учаскесінде тіркеуін жүргізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 16.01.2009
- Көрсетілген редакция
- 13.09.2012 43622_201170.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.09.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09SJ000074
- ЭКБ идентификаторы
- 43622
- Редакция идентификаторы
- 43622_201170
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:01
0 1992 жылы туған және алдында тіркеуді өтпеген ересек жастағы азаматтардың ер жынысы әскерге шақыру учаскесінде тіркеуін жүргізу туралы
Қазақстан Республикасы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17, 18, 44-баптарына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Заңының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларға әскери есеп жүргізу Ережелерін бекіту туралы» 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2009 жылдың қаңтары-наурызында 1992 жылы туған, тіркеу жылы 17 жасқа толатын және алдында тіркеуді өтпеген (әрі қарай-азаматтар) ересек жастағы ер азаматтардың ер жынысы әскерге шақыру учаскесінде тіркеуін жүргізілсін
2 2. Азаматтардың әскерге шақырту учаскесінде тіркеуін жүргізу үшін төмендегі құрамда комиссия құрылсын:
комиссия төрағасы – қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы (келісім бойынша);
комиссия төрағасының орынбасары – аудан әкімінің орынбасары;
комиссия мүшелері:
аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
аудандық орталық емхананың бас дәрігері–медициналық комиссия төрайымы (келісім бойынша);
комиссия хатшысы.
3 3. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге: шақырту бөліміне шақырту пунктіне бөлме бөлсін және қажет температуралық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдансын;
4 4. Орталық аудандық емхананың бас дәрігері Т.И.Кузинаға (келісім бойынша):
-медициналық комиссияны білікті дәрігер-мамандармен, медициналық персоналмен жинақтасын;
-тіркеу жөніндегі медициналық комиссияның құрамын емхана бойынша бұйрықпен бекітсін;
-шақырту пунктін қажет дәрі-дәрмекпен, құралдармен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз етсін.
5 5. Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері М.Г.Коробковаға (келісім бойынша)медициналық қызмет көрсетуді және айқындалған ауруларды емдеу және стационарлық тексеру үшін қажет кереует орындарының санын бөлуді қамтамасыз етсін.
6 6. Қаржы бөлімінің бастығы А.П.Яковенкоға 2009 жылға аудан бюджетінде осы мақсаттарға қарастырылған сомаға сәйкес азаматтардың әскерге шақыру учаскесінде тіркеуіне шығыстарды өз уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
7 7. Азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеу мерзімінде ішкі істер бөлімінің бастығына ұсынылсын Т.М.Туғанбаевқа:
1 1) азаматтарды тіркеу мезгілінде шақырту учаскесінде қоғамдық тәртіпті қолдауды қамтамасыз етсін, осы мерзімге полиция қызметкерін бөлсін;
2 2) Мамлют ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің өтінімі бойынша әскери міндетті орындаудан бас тартқан тұлғаларды ұстауды және іздестіруді іске асырсын.
8 8. Селолық округтердің әкімдеріне:
1 1) полицияның учаскелік инспекторларымен бірге азаматтардың шақырту учаскесіне жүз пайыз келуін қамтамасыз етсін;
2 2) алыс жерде тұратын әскерге дейін шақырылатындарды әскерге тіркеу комиссиясына қорғаныс істері жөніндегі бөлімге және тұратын жеріне осы жұмысқа жауапты тұлғаның жетекшілігімен кері жеткізуді қамтамасыз етсін.
9
9. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Қ.С.Бақтыбаевқа осы мақсаттарға бөлінген қаржы бөлу шегінде жергілікті бюджет есебінде әскерге шақырту учаскесінде азаматтарды тіркеу бойынша іс-шараларға шығыстардың өз уақытында орындалуын қамтамасыз етсін.
Тіркеуді материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін 3 бірлік санымен техникалық жұмысшыларды (іс жүргізушілерді) жұмысқа қабылдасын. Осы қаулының 10 тармағында, 8 тармағы 2 тармақшасында нұсқалған іс-шаралар үшін көлікті жалдауды жүргізсін.