Құжат мәтініне өту

1992 жылы туылған азаматтарды Шалқар аудандық қорғаныс істер бөлімінің шақыру участкесіне тіркеуді жүргізу туралы

Өзге акт · № 10 · қабылданған 24.12.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.06.2009 редакциясы
https://adilet.kz/laws/1992-ekb-43703/?version=AI43703_1.kaz
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
1992 жылы туылған азаматтарды Шалқар аудандық қорғаныс істер бөлімінің шақыру участкесіне тіркеуді жүргізу туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 10 ·24.12.2008
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

1992 жылы туылған азаматтарды Шалқар аудандық қорғаныс істер бөлімінің шақыру участкесіне тіркеуді жүргізу туралы

ҚАЗ1992 жылы туылған азаматтарды Шалқар аудандық қорғаныс істер бөлімінің шақыру участкесіне тіркеуді жүргізу туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 10 · қабылданған 24.12.2008

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
1992 жылы туылған азаматтарды Шалқар аудандық қорғаныс істер бөлімінің шақыру участкесіне тіркеуді жүргізу туралы
Атауы (қаз.)
1992 жылы туылған азаматтарды Шалқар аудандық қорғаныс істер бөлімінің шақыру участкесіне тіркеуді жүргізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
10
Қабылданған күні
24.12.2008
Көрсетілген редакция
03.06.2009 · қолданыстағы AI43703_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
03.06.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08CM000092
ЭКБ идентификаторы
43703
Редакция идентификаторы
AI43703_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:14

0 1992 жылы туылған азаматтарды Шалқар аудандық қорғаныс істер бөлімінің шақыру участкесіне тіркеуді жүргізу туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабын,Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371"Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы қаулысын орындау мақсатында,Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33 бабы 1 тармағының 13 тармақшасы және 37 бабының негізінде аудан әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. 2009 жылдың 10 қаңтары мен 31 наурызы аралығында Шалқар ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелу жасы 17-ге толатын 1992 жылы туылған азаматтарды,сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген,тұрақты немесе уақытша Шалқар аумағында тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеу жүргізілсін.
Шараларды орындауға қатысты шығындар жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

2 2. Аудандық орталық емханасының бас дәрігері(Ж.Көптілеуов келісім бойынша)аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің сұранысына сәйкес мыналарды бөлсін:

1 1) бекітілген құрамға сәйкес тіркелетіндерге медициналық куәлік беруді жүргізу үшін дәрігер мамандарды;

2 2) тіркелетіндерді медициналық құжаттармен сапалы және толық қамтамасыз ету үшін жеткіншектер кабинеттерінің дәрігерлерін;

3 3) медициналық комиссия жұмысы үшін қажетті медициналық мүліктерді, құралдарды және дәрі-дәрмектерді.

3  Меншік түріне қарамастан кәсіпорын,мекеме,ұйым және оқу орындарының басшылары:

1 1) тіркеуге жататын азаматтарға хабар берсін,оларды аудандық шақыру пунктіне шақырсын және олардың бұл шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін;

2 2) шақыруға дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттілерді орындауға қажетті уақытқа оларды жұмыстан(оқудан) босатсын.

4

4. Аудандық білім бөлімі (Табаналы Қ.) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы(Қоңыратбаев А.)бірлесе отырып,қала, селолық округтер мектептерінде оқитын барлық 1992 жылы туылған жасөспірімдерді толық тіркеуге алуды бақылауды жүзеге асырсын.         Тіркелу кезінде анықталған барлық орта білімі жоқ жасөспірімдерді кейіннен күндізгі және сырттай жалпы білім беру мектептерінде оқытатындай етіп,есепке алсын.

5 5. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы (Ғ.Төлеген)азаматтарды әскер қатарына шақыруға дайындау және тіркеу кезінде мәдениет үйінің кіші залын қорғаныс істер бөлімінің шақыру пункті ретінде пайдалануға беретін болсын.

6 6. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы(И.Ерішов)аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне ақылы қоғамдық жұмысқа,жұмысшылар бөлсін.

7 7. Аудандық ішкі істер бөліміне(Қ.Ақшолақ)тіркеуді жүргізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция нарядын бөлсін.

8 8. Селолық округтер әкімдері аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің талабы бойынша әскерге шақырылатын жасқа дейінгілер мен әскерге шақырылушыларды шақырту пуктіне шақырылғанын хабарласын және уақытында келуін қамтамасыз етсін.

9 9. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы А. Қоңыратбаевқа азаматтардың әскерге шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету шараларын алсын.Тіркеу қорытындысы туралы 2009 жылдың 4 сәуірінде аудан әкіміне хабарласын.

10 10. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының жетекшісі Ж.Жанұзақов және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Ж.Қоңыратбаевқа жүктелсін.

11 11. Осы шешім Шалқар аудандық әділет басқармасында тіркеліп алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі:                          Р. Сыдықов.