1992 жылы туылған азаматтарды Кербұлақ ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде тіркеуді өткізу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 1992 жылы туылған азаматтарды Кербұлақ ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде тіркеуді өткізу туралы
- Атауы (қаз.)
- 1992 жылы туылған азаматтарды Кербұлақ ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде тіркеуді өткізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 39
- Қабылданған күні
- 25.12.2008
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2009 · қолданыстағы AI43707_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08DM000086
- ЭКБ идентификаторы
- 43707
- Редакция идентификаторы
- AI43707_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:11
0 1992 жылы туылған азаматтарды Кербұлақ ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде тіркеуді өткізу туралы
Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33-бабы 1 тармағы 13) тармақшасының негізінде аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. 2009 жылдың 5 қаңтар мен 31 наурыз аралығында Кербұлақ ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тіркеу учаскесіне жасы 17-ге толатын 1992 жылы туылған азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген, тұрақты немесе уақытша Кербұлақ ауданының аумағында тұратын ересек жастағы азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу ұйымдастырылсын.
2 2. Шақыру учаскесі Кербұлақ ауданы Сарыөзек кенті, Құлжабай би к-сі 6-үй мекен-жайы бойынша белгіленсін.
3 3. Кент, ауыл округтерінің әкімдері меншік түріне қарамастан кәсіпорын, мекеме, ұйым және оқу орындарының басшылары тіркеуге жататын азаматтарға шақыру учаскесіне шақырылғандығын хабарласын және уақытында келуін қамтамасыз етсін.
4 4. Аудандық ішкі істер бөлімі (С.А.Беспаев келісім бойынша) тіркеуді жүргізу кезінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция нарядын бөлсін.
5
5. Кент, ауыл округтері әкімдеріне, аудандық ішкі істер бөліміне (С.А.Беспаев), аудандық АХАЖ бөліміне (А.К.Шалшықбаева), аудандық сотқа (Қ.Ш.Молдашев), халықты әлеуметтік қорғау бөліміне (А.Т.Диханбаева) Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы " Заңының 18 бабында қарастырылған міндеттерін орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
6 6. Аудандық аурухананың бас дәрігері А.Қ.Аубакироваға (келісім бойынша):
1 1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірге тіркеуге алынғандарды медициналық куәландыру бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру мақсатында тәжірибелі дәрігерлер мен қажетті мөлшерде орта медициналық қызметкерлерді тартсын;
2
2) 2009 жылдың 13 ақпанына дейін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1992 жылы туылған жастарға амбулаториялық аурулардың медициналық карталарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық диспансерлерден, жасөспірім кабинеттерінде және жұқпалы аурулар ауруханаларында есепте тұрғандардың тізімін берсін;
3
3) 1992 жылы туылған барлық жастарды кеуде клеткалары органдарын флюрографиялық тексеру, қанның жалпы тексерілуі, зәрдің жалпы тексерілуі және микрореакцияға тексеру, иммунитет тапшылығынан жүре пайда болған синдромға (СПИД) тексеру, электрокардиограммасын, сондай-ақ қанның группасын және резус факторын тексеру жұмыстарын тегін жүзеге асырсын.