О проведении приписки граждан 1992 года рождения к призывному участку Отдела по делам обороны города Каражал Карагандинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении приписки граждан 1992 года рождения к призывному участку Отдела по делам обороны города Каражал Карагандинской области
- Атауы (қаз.)
- Қарағанды облысының Қаражал қалалық Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1992 жылы туған азаматтарды тіркеу жүргізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5
- Қабылданған күні
- 09.02.2009
- Көрсетілген редакция
- 14.12.2009 44255_178681.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.12.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09KE000065
- ЭКБ идентификаторы
- 44255
- Редакция идентификаторы
- 44255_178681
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:49
0 Қарағанды облысының Қаражал қалалық Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1992 жылы туған азаматтарды тіркеу жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңдарына сәйкес Каражал қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Азаматтарды әскери есепке қабылдау, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін, мамандығын белгілеу және дене даярлығы деңгейін анықтау мақсатында 2009 жылдың 1 тоқсанында қаңтардан наурызға дейін Қазақстан Республикасының 1992 жылы туған, сондай-ақ одан үлкен жастағы шақыру учаскесіне бұрын тіркелмеген азаматтарды тіркеу жүргізілсін.
2 2. Кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары әскери есепке алынуға байланысты міндеттерді атқару үшін 1992 жылы туған азаматтарды қажетті уақытқа демалыстар мен іссапарлардан кері шақырып алсын, тұрақты жұмыс (оқу) орны бойынша еңбекақысы (стипендиясы) сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босатылсын.
3
3. Қаражал қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы (Қ.С. Таттымбеков келісім бойынша) Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 18-бабының 3 тармағына сәйкес әскери есепке тұруға байланысты әскери міндеттерін орындаудан жалтарушыларды іздестіруді, ұстауды жүргізсін және қажет болған жағдайда әскери есепке алынуға байланысты Қорғаныс істер жөніндегі бөліміне жеткізуді қамтамасыз етсін.
4 4. Жәйрем және Шалғы кенттерінің әкімдері оқу орындардың, кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне әскери жетекшілермен, кадр бөлімдерінің жұмысшыларымен және полиция қызметкерлерінің жетекшілігімен жүз пайыз келуін қамтамасыз етсін.
5 5. Қаражал қалалық Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы (А. Әлмағамбетов келісім бойынша) Қазақстан Республикасының 1992 жылы туған азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеудің қорытындылары туралы ақпаратты Қаражал қаласының әкіміне 2009 жылғы 30 наурызға дейін тапсырсын.
6 6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қаражал қаласы әкімінің орынбасары А. Құрмансеитовке жүктелсін.
7 7. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
КЕЛІСІЛДІ:
Қорғаныс істер жөніндегі
бөлімінің бастығы
А. Әлмағамбетов
Ішкі істер бөлімінің бастығы
Қ. Таттымбеков