1992 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 1992 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
- Атауы (қаз.)
- 1992 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1-3
- Қабылданған күні
- 26.01.2009
- Көрсетілген редакция
- 11.01.2010 · қолданыстағы 44542_201593.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.01.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09DG000073
- ЭКБ идентификаторы
- 44542
- Редакция идентификаторы
- 44542_201593
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:56
0 1992 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес, 1992 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге алуды уақытылы және сапалы жүргізу, сондай-ақ жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскер мен әскери құрамаларға әскери қызметке шақыруға дайындық жұмыстарын жақсарту мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. 2009 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1992 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге алынсын.
2 2. Селолық және поселкелік округтердің әкімдері:
1 1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақыру учаскесіне тіркелуге жататын 1992 жылы туылған жастардың тізімін берсін;
2 2) 1992 жылы туылған, сондай-ақ әскерге шақыру учаскелеріне бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтарды дер кезінде, толық және ұйымшылдықпен тіркеуге алуды қамтамасыз етсін.
3 3. Аудандық ішкі істер бөлімі (Аширов Қасым Әбілдаұлы):
1 1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жасөспірімдердің істері жөніндегі инспекцияларда есепте тұрған жастардың тізімін берсін;
2 2) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге әскерге шақыру учаскелеріне тізімге тұрудан жалтарып жүрген азаматтарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырсын.
4 4. Аудандық орталық аурухана (Молдахалықова Доғдыркүл Өмірқұлқызы):
1 1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімі тізімге алынушыларды медициналық тексеруден өткізу кезінде жан-жақты көмек көрсету жөніндегі шараларды әзірлесін, бұл іске тәжірибелі дәрігерлер мен қажетті орта медициналық қызметкерлерді қатыстырсын;
2
2) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1992 жылы туылған амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың қажетті медициналық құжаттарын, туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық және психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірім кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрған жастардың тізімін тапсырсын;
3 3) тіркеуге алуға дейін 1992 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізсін;
4 4) ауыратыны анықталған жасөспірімдердің арасындағы сауықтыру жұмыстарын тікелей медициналық тексеру кезінде бастасын, олардың тізімін осы жасөспірімдердің тұрғылықты жерлеріндегі емхананың маман- дәрігерлеріне тапсырсын.
5 5. Аудандық білім беру бөлімі (Алтынбекова Светлана Амантайқызы):
1 1) тіркеуге алу кезінде орта білімі жоқ жастарды анықтау үшін қорғаныс істері жөніндегі бөлімге уәкілін бөліп, олардың оқуын ұйымдастырсын;
2 2) 1992 жылы туылған жастар арасынан әскери оқу орындарына түсетін кандидаттарды іріктеп алу жұмысын жүргізсін.
6 6. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Қарымбаев Жақсылық Сұлтанұлы):
қорғаныс істері жөніндегі бөлімге мүгедек деп танылатын 1992 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын.
7 7. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі (Момынқұлов Байжомарт Байшымырұлы):
кәсіпорындарда, ұйымдарда және оқу орындарында әскери қолданбалы спорт түрлері бойынша жастардың дайындығына бақылауды жүзеге асырсын;
1 1) тіркеуге алу кезінде шақырылушы жастар арасында әскери патриоттық мәселелер бойынша тәрбиелік жұмыстарын ұйымдастырып, өткізсін.
8 8. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім тіркеуге алу бойынша ұйымдастырылған шаралардың орындалу барысы туралы ақпаратты аудан әкімі аппаратына 2009 жылдың 10 сәуіріне дейін хабарласын.
9
9. Жамбыл ауданы әкімінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 12-35 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2008 жылғы 22 қантарда тіркелген, тіркеу № 2-7-53, 2008 жылғы 22 наурыздағы № 12-13 (5380-5381) «Атамекен» газетінде ресми жарияланған) «1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы» шешімінің күші жойылсын.