О проведении приписки граждан 1992 года рождения к призывному участку государственного учреждения "Отдел по делам обороны Ерейментауского района Акмолинской области"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении приписки граждан 1992 года рождения к призывному участку государственного учреждения "Отдел по делам обороны Ерейментауского района Акмолинской области"
- Атауы (қаз.)
- "Ақмола облысы Ерейментау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне 1992 жылы туған азаматтарғатіркеуді жүргізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 30.01.2009
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2009 44712_202716.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09BI000112
- ЭКБ идентификаторы
- 44712
- Редакция идентификаторы
- 44712_202716
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:52
0 "Ақмола облысы Ерейментау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне 1992 жылы туған азаматтарғатіркеуді жүргізу туралы
Ерейментау ауданының қорғаныс істер бойынша бөлімінің шақыру учаскесіне азаматтарды әскери тіркеу шараларын өткізуді қамтамасыз ету және ұйымдастыру мақсатында «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдесіндегі Заңының 17 - бабы 3 - тармақшасына сәйкес, аудан әкімі ШЕШТІ:
1
1. Қазақстан Республикасының 1992 жылы туған азаматтарын 2009 жылдың қаңтар - наурызында «Ақмола облысы Ерейментау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (әрі карай- қорғаныс істері жөніндегі бөлімі) тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, сонымен бірге бұдан бұрын әртүрлі себептермен тіркеу учаскесіне тіркелмеген, жасы асқан азаматтарды шақыру участкісіне тіркеу жүргізілсін.
2 2. Тіркеу пункті келесі мекенжайда ұйымдастырылсын: Ерейментау қаласы, Аманжол Әлжанов көшесі, № 9 үй.жүргізсін.
3 3. Ақмола облысы денсаулықсақтау Басқармасының жанындағы “Ерейментау аудандық емханасы” мемлекеттік қазыналық-коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері М.Қ Сүлейменоваға (келісім бойынша):
1 1) Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қарамағына азаматтарды куәландыруды жүргізу үшін қажетті деңгейде дәрігер-мамандары мен орта медицина қызметкерлерін бөлу;
2 2) медициналық комиссияны керекті құрал-жабдықтармен, шаруашылық бұйымдармен, флюорографиялық пленкалармен қамтамасыз ету;
4 4. Ерейментау ауданының ауыл және ауылдық округтер әкімдеріне:
1 1) тіркеуден өтетін жастағы барлық азаматтарға дербес шақыру қағазын табыс етуге және олардың қорғаныс істері жөніндегі бөлімі белгілеген күні комиссияға келуіне мүмкіндік беруді ұйымдастырсын;
2 2) азаматтарды тіркеу комиссиясына алып баратын өкіл және жеткізетін көлік бөлу.
5 5. Ақмола облысы «Ерейментау аудандық ішкі істер бөлімі» ММ-нің бастығы Қ.С.Шәймергеновке (келісім бойынша) қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлесіп, тіркеуден жалтарған адамдарды іздестіруге және шақыру учаскесіндегі тәртіпті қамтамасыз етуде өзара әрекет ұйымдастырылсын.
6 6. Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне аудан әкіміне шақырылушылардың әскери есебі жағдайы туралы хабарлама беріп қажетті жағдайда әкімнің қарауына берілсін.
7
7. «Ақмола облысы Ерейментау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1991 жылы туған азаматтарға тіркеу жүргізу туралы» Ерейментау ауданы әкімінің 2007 жылғы 3-ші желтоқсанындағы № 9 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Аумақтық тізімінде № 1-9-92 тіркелген, 2008 жылғы 16 қаңтардағы «Ерейментау» газетінің № 5 шығарылған) күші жойылған деп танылсын.
8 8. Нақты шешімнің қолданылуы 2009 жылғы 1-ші қаңтарынан басталған құқықтық қатынастар негізінде таратылсын.
9 9. Нақты шешімнің орындалуын бақылауға алу аудан әкімінің орынбасары С.Н. Дүйсембаеваға жүктелсін.
10 10. Осы шешім Ақмола облысы Ерейментау ауданы Әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және кезекті басылымда жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Ақмола облысы денсаулықсақтау
Басқармасының жанындағы
«Ерейментау аудандық
емханасы» мемлекеттік
қазыналық-коммуналдық
кәсіпорнының бас
дәрігері М.Қ.Сүлейменова
«Ерейментау ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі
бөлімі» мемлекеттік мекемесі
бастығының міндеттерін
атқарушы И.Н.Ставничий
«Ерейментау аудандық
ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Қ.С.Шәймергенов