Құжат мәтініне өту

О приписке граждан Республики Казахстан мужского пола 1993 года рождения к приписному участку Айыртауского района в период с января 2010 года по март 2010 года

Қаулы · № 27 · қабылданған 25.11.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1993-2010-2010/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О приписке граждан Республики Казахстан мужского пола 1993 года рождения к приписному участку Айыртауского района в период с января 2010 года по март 2010 года Күшін жойған Қаулы ·№ 27 ·25.11.2009
12.08.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.08.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О приписке граждан Республики Казахстан мужского пола 1993 года рождения к приписному участку Айыртауского района в период с января 2010 года по март 2010 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 27 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О приписке граждан Республики Казахстан мужского пола 1993 года рождения к приписному участку Айыртауского района в период с января 2010 года по март 2010 года
Атауы (қаз.)
2010 жылдың қаңтарынан 2010 жылдың наурызына дейінгі кезеңінде Айыртау ауданының шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының еркек жынысты 1993 жылғы азаматтарды тіркеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
27
Қабылданған күні
25.11.2009
Көрсетілген редакция
12.08.2010 49436_196730.kaz
Соңғы өзгеріс
12.08.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09SC000110
ЭКБ идентификаторы
49436
Редакция идентификаторы
49436_196730
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:57

0 2010 жылдың қаңтарынан 2010 жылдың наурызына дейінгі кезеңінде Айыртау ауданының шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының еркек жынысты 1993 жылғы азаматтарды тіркеу туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-III «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабының 2, 3-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» № 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке қою мақсатында, аудан әкімі ШЕШТІ:

1 1. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы және одан жоғары жастағы, бұрын тіркеуден өтпеген еркек жынысты азаматтарды 2010 жылдың қаңтарынан 2010 жылдың наурызына дейінгі кезеңінде Айыртау ауданының шақыру учаскесінде тіркеу жүргізу ұйымдастырылсын.

2 2. Селолық округ әкімдері хабарды жеткізуді ұйымдастырып, азаматтардың тіркеуге уақытында жеткізілуін қамтамасыз етсін.

3 3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Айыртау ауданының орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері:

тіркеуді жүргізу жөніндегі аудандық комиссия билігіне білікті дәрігерлердің, орта деңгейлі медициналық қызметкерлердің қажетті саны бөлінсін;
тіркеуді жүргізу жөніндегі аудандық комиссиясын дәрі-дәрмекпен, құралдармен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз етсін;
стационарлық (амбулаториялық) емдеуді қажет ететін әскерге шақырылатын жастағы азаматтарды емдеуді қамтамасыз етсін.

4

4. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2010 жылдың қаңтарынан 2010 жылдың наурызына дейінгі тіркеу жүргізу кезеңінде «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тартылған техникалық қызметкерлердің және қызмет ететін жұмысшы тұлғалардың еңбегіне жалақы төлеу үшін бекітілген смета шегінде қаржыландыру жүргізсін, сонымен бірге тіркеуді ұйымдастыру және 1993 жылғы, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген үлкен жастағы азаматтарды іздестіру үшін аталған іс-шараға бөлінген қаражат шегінде ақшалай қаражат бөлуді қамтамасыз етсін.

5 5. «Айыртау ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі тіркеу жүргізу кезеңінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін (келісім бойынша).

6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Р. Тілеубаеваға жүктелсін.

7 7. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
«Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
С. Чепухин
«Айыртау ауданының ішкі
істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Қ. Айтпаев
«Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Солтүстік
Қазақстан облысы әкімдігінің
Айыртау ауданының орталық
аудандық ауруханасы» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігері
К. Бұрмағанов

Қолданыстағы