О проведении приписки к призывному участку граждан 1993 года рождения и старших призывных возрастов, ранее не прошедших приписку на территории района Шал акына в январе-марте 2010 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении приписки к призывному участку граждан 1993 года рождения и старших призывных возрастов, ранее не прошедших приписку на территории района Шал акына в январе-марте 2010 года
- Атауы (қаз.)
- Шал ақын ауданының аумағында 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1993 жылғы және жастары үлкен, бұрын тіркеуден өткізілмеген азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуден өткізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 20
- Қабылданған күні
- 24.11.2009
- Көрсетілген редакция
- 07.10.2011 49288_201246.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.10.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09SN000089
- ЭКБ идентификаторы
- 49288
- Редакция идентификаторы
- 49288_201246
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:58
0 Шал ақын ауданының аумағында 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1993 жылғы және жастары үлкен, бұрын тіркеуден өткізілмеген азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуден өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Заңы 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-111 Заңы 17-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылатындардың әскери есебін жүргізу тәртібі туралы Ережеге сәйкес, аудан әкімі ШЕШТІ:
1 1. Шал ақын ауданының аумағында 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1993 жылғы және жастары үлкен, бұрын тіркеуден өткізілмеген азаматтар әскерге шақыру учаскесінде тіркеуден өткізілсін.
2 2. Селолық округ әкімдеріне:
1 1) ауданның қорғаныс істері бойынша Біріккен бөліміне әскерге шақырылатын жасөспірімдердің тізімін ұсынсын;
2 2) әскери есепті жүргізетіндердің басшылығымен әскерге шақырылатын жасөспірімдердің жиналу пунктісіне белгіленген мерзімде әскер қатарына шақырылатындардың келуін қамтамасыз етсін.
3 3. Ауданның қаржы бөлімі әскерге шақыру учаскесінде азаматтардың тіркеуін өткізу үшін, қажетті техникалық жұмысшыларды күту үшін қаржы қаражатының уақытылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
4 4. Орталық аудандық ауруханаға (келісім бойынша):
1 1) кеуде жасушалар ағзаларының флюорографиялық зерттеуін, группасын және резусын анықтаумен қан анализін, белокқа несептің зерттеуін, жүректің электрокардиограммасын жасауды қамтамасыз етсін;
2 2) әскерге шақыру учаскесін керекті дәрі-дәрмекпен, медициналық жабдықтармен толықтырсын.
5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Елена Петровна Кузичеваға жүктелсiн.
6 6. Осы шешім бірінші ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
«КЕЛІСІЛДІ»
Орталық аудандық
аурухананың бас дәрігері
Б.Ә. Әбдімәлікұлы
Шал ақын ауданының
қаржы бөлiмiнiң бастығы
Л.М. Мұқамеджанова
Шал ақын ауданының қорғаныс істері
бойынша Біріккен бөлімінің бастығы
Р.Р. Мұратбеков