Құжат мәтініне өту

О проведении приписки граждан 1993 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны Нуринского района в 2010 году

Өзге акт · № 2 · қабылданған 20.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1993-2010-ekb-49466/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О проведении приписки граждан 1993 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны Нуринского района в 2010 году Күшін жойған Өзге акт ·№ 2 ·20.12.2009
01.12.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении приписки граждан 1993 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны Нуринского района в 2010 году

Күшін жойған Өзге акт ·№ 2 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении приписки граждан 1993 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны Нуринского района в 2010 году
Атауы (қаз.)
2010 жылы Нұра ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1993 жылы туған азаматтардың тіркеуін өткізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2
Қабылданған күні
20.12.2009
Көрсетілген редакция
01.12.2010 AI49466_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.12.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09KN000109
ЭКБ идентификаторы
49466
Редакция идентификаторы
AI49466_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:44

0 2010 жылы Нұра ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1993 жылы туған азаматтардың тіркеуін өткізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" N 371 қаулысына сәйкес аудан әкімі ШЕШТІ:

1 1. 1993 жылы туған азаматтардың тіркеуі Нұра ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында өткізілсін.

2 2. Қосымшаға сәйкес аудандық тіркеу комиссиясы құрылсын.

3 3. Аудандық медициналық бірлестігі (Еспаев Бөкеш Орақұлы - келісім бойынша):

1 1) 1993 жылы туған азаматтардың медициналық комиссиядан өту кестесін әзірлесін;

2 2) есепке алу мәліметтерін есепке алсын, емдеуге жіберілетін азаматтардың есепке алу кітабын дайындасын;

3 3) шақыру учаскесіндегі медициналық комиссияны қажетті мамандармен және медициналық бикелермен, дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықпен қамтамасыз етсін;

4 4) тіркеуге жататын азаматтарды лабораториялық және флюроографиялық зерттеуден өткізуді қамтамасыз етсін;

5 5) стационарда зерттеуден өту және емдеу үшін қажет орын бөлуді қарастырсын.

4 4. Нұра ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі (Жолболдин Қайролла Шәріпұлы - келісім бойынша):

1 1) маман дәрігерлермен, медбикелермен машық сабақтарын өткізсін;

2 2) Нұра ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінде тіркеуді өткізетін орын дайындасын;

3 3) тіркеу қорытындылары туралы ақпаратты аудан әкімі аппаратына 2010 жылдың 1 сәуіріне дейін ұсынсын.

5 5. Нұра ауданының ішкі істер бөлімі (Әпеков Канат Ислямұлы - келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған тұлғаларды іздестіруге және ұстауға өз құзыреті шегінде жүзеге асырсын.

6 6. Нұра ауданының қаржы бөлімі (Мақсутов Данияр Зарлықұлы) аталмыш шараларды өткізу үшін жергілікті бюджеттен қажетті қаржы бөлсін.

7 7. Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Жүпенова Гүлнар Тақуқызы) мүгедек деп танылған барлық тіркеуге жататын азаматтар туралы толық мәліметтерді аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөліміне хабарласын.

8 8. Ауыл және кент әкімдері тіркеуге жататын азаматтарға шақырылғаны туралы хабардар етсін және олардың шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін.

9 9. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.

10 10. Осы шешім ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Нұра ауданының қорғаныс істер
жөніндегі бөлімінің бастығы
Қ.Ш. Жолболдин
КЕЛІСІЛДІ
Нұра ауданының ішкі істер бөлімінің
бастығы
Қ.И. Әпеков
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық медициналық бірлестігінің
директоры
Б.О. Еспаев

19 Аудандық тіркеу комиссияның құрамы:

Қосымша
аудан әкімінің
2009 жылғы 20 желтоқсандағы
N 2 шешіміне
Аудандық тіркеу комиссияның құрамы:
1. Жолболдин Қайролла
Шәріпұлы
- Комиссия төрағасы,
Нұра ауданының қорғаныс істер
жөніндегі бөлімінің бастығы
(келісім бойынша)
2. Гизатулин Фаниль
Фанауиұлы
- Комиссия төрағасының
орынбасары, Аудан әкімі
аппаратының азаматтық
қорғаныс және төтенше
жағдайлар жөніндегі
бас маманы
3. Насихатова Ляззат
Оскенбқызы
- Комиссия хатшысы, Аудандық
медициналық бірлестігінің
жұмыскері (келісім бойынша)
Комиссия мүшелері:
3. Протасенко Константин
Викторович
- Нұра ауданының ішкі істер
бөлімі бастығының орынбасары
(келісім бойынша)
4. Абишева Жанар
Әшірбайқызы
- Аудандық медициналық
бірлестігінің терапевт -
дәрігері (келісім бойынша)

Қолданыстағы