Об организации и обеспечении приписки граждан мужского пола 1993 года рождения к призывному участку в 2010 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении приписки граждан мужского пола 1993 года рождения к призывному участку в 2010 году
- Атауы (қаз.)
- 2010 жылы шақыру теліміне 1993 жылы туған еркек жынысты азаматтардың тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 10
- Қабылданған күні
- 21.12.2009
- Көрсетілген редакция
- 05.04.2010 AI49616_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.04.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09NR000105
- ЭКБ идентификаторы
- 49616
- Редакция идентификаторы
- AI49616_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:42
0 2010 жылы шақыру теліміне 1993 жылы туған еркек жынысты азаматтардың тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 17-бабына сәйкес Таран ауданының әкімі ШЕШТІ:
1 1. 2010 жылғы қаңтар-наурызда "Таран ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру теліміне аудан аумағындағы 1993 жылғы туған еркек жынысты азаматтардың тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2 2. Таран селосында шақыру пункттері ұйымдастырылсын.
3
3. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Таран аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) "Таран ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірлесіп тіркеу жөніндегі іс-шараларды өткізуге ұсыныс етілсін.
4
4. "Таран ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) "Таран ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірге ауданның оқу орындарына әскери- оқу орындарына кандидаттар таңдауға тапсырманы жеткізуге, алғашқы әскери дайындық оқытушылар-ұйымдастырырушыларды әскери-оқу орындары бойынша анықтамалық материалдармен қамтамасыз етуге, олардың жұмыстарын ұйымдастыруға, “Шамшырақ” аудандық газетінде әскери- оқу орындарына кандидаттар таңдау жөніндегі жұмыстың басталғаны туралы хабарландыру жариялауға, әскери-оқу орнына түсуге әскери-кәсіби бағдар беру мақсатында әрбір әскерге шақырылатындармен жеке әңгімелесу жүргізуге ұсыныс жасалсын.
5 5. Селолық округтердің, селолардың және кенттің әкімдері:
1 1) тіркеуді өту үшін комиссияға азаматтардың келуін қамтамасыз етсін;
2 2) азаматтарды шақыру теліміне жеткізу үшін ілесіп жүретін адамдарды болсын, тасымалдаған кезде жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін шаралар қолдансын.
6
6. "Таран ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыру телімдеріне азаматтардың тіркеуімен байланысты іс-шараларды қаржыландыруды "Таран ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шығыстар сметасында қарастырылған қаржы бөлу есебінен жүзеге асырсын.
7 7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
8 8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
"Таран ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
___________________ О. Имашев
21.12.2009
"Қостанай облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасының
"Таран аудандық орталық
ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігері
___________________ Н. Әбішев
21.12.2009