Атырау облысы Құрманғазы ауданының 1993 жылы туған азаматтарын 2010 жылы шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Атырау облысы Құрманғазы ауданының 1993 жылы туған азаматтарын 2010 жылы шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы
- Атауы (қаз.)
- Атырау облысы Құрманғазы ауданының 1993 жылы туған азаматтарын 2010 жылы шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 05.01.2010
- Көрсетілген редакция
- 12.01.2011 · қолданыстағы 50378_172291.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.01.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10TH000182
- ЭКБ идентификаторы
- 50378
- Редакция идентификаторы
- 50378_172291
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:22
0 Атырау облысы Құрманғазы ауданының 1993 жылы туған азаматтарын 2010 жылы шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 16, 17 және 44-баптарын, 2001 жылы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағы 13 тармақшасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы Ережесін басшылыққа алып, ШЕШЕМІН:
1 1. 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында Атырау облысы Құрманғазы ауданының 1993 жылы туған азаматтарын, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген 27-жасқа дейінгі азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстары ұйымдастырылып, жүргізілсін.
2 2. № 1 қосымшаға сәйкес, Құрманғазы ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу үшін тіркеу комиссиясының құрамы (келісім бойынша) бекітілсін.
3 3. № 2 қосымшаға сәйкес, 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелушілерді дер кезінде медициналық комиссиядан өткізу кестесі бекітілсін.
4 4. № 3 қосымшаға сәйкес, аудандық дәрігерлік куәландыру комиссиясының құрамы (келісім бойынша) бекітілсін.
5 5. Аудандық қаржы бөлімі (Карсакова З.) 2010 жылғы бекітілген бюджетке сәйкес, шақыру учаскелеріне азаматтарды тіркеуді өткізу жөніндегі шығындарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
6 6. "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері (Қуанов Е. - келісім бойынша), "М. Ғилаев атындағы Құрманғазы аудандық туберкулез ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері (Ғазизов Б. - келісім бойынша):
1 1) № 3 қосымшаға сәйкес, аудандық дәрігерлік куәландыру комиссиясына қажетті дәрі-дәрмекпен, құралдармен және медициналық мүлікпен қамтамасыз ету;
2
2) тіркеу барысында анықталған сырқат азаматтармен емдеу-сауықтыру жұмыстарын жүргізуді, емдеу мекемелерінде қажетті орын санын бөлуді, сондай-ақ сырқат шақырылушыларды есепке алу және емдеу мекемелерінің жасөспірімдер кабинеттерінде олармен сауықтыру шараларын жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
3 3) Сүйіндік, Азғыр, Шортанбай, Дыңғызыл, Ақкөл селолық округтеріне азаматтарды денсаулығын тексеруге қозғалмалы дәрігерлік куәландыру комиссиясын іс-сапармен жіберу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын.
7
7. Аудандық ішкі істер бөліміне (Сарбасов Ө. – келісім бойынша) шақырылушыларды шақыру учаскелеріне тіркеу кезеңінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді, белгіленген мерзімде шақыру учаскелеріне келмеген азаматтарды іздестіруді және Құрманғазы ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізу, сондай-ақ азаматтардың тіркеуден жалтару әрекетін болдырмау мәселелері жөніндегі іс-қимылдарды ұйымдастыру ұсынылсын.
8 8. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Әмірғалиев А.) азаматтарды тіркеу учаскесінің жұмысы кезінде Құрманғазы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұраныс бойынша техникалық жұмысшыларды бөлу жүктелсін.
9 9. Шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары, Ғ. Қалиевке жүктелсін.
10 10. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, алғаш ресми жарияланғаннан бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Сұлтанғалиев Жамбыл - Ауданның Қорғаныс
істері жөніндегі бөлім бастығы;
Сарбасов Өтепберген - Аудандық ішкі
істер бөлімінің бастығы;
Қуанов Еркінбай - "Құрманғазы аудандық
орталық ауруханасы" коммуналдық
мемлекеттік қазыналық
кәсіпорынның бас дәрігері;
Ғазизов Байтолла - "М. Ғилаев атындағы
Құрманғазы аудандық туберкулез
ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері.
14 Аудан әкімінің
2010 жылғы 5 қаңтардағы
№ 1 шешіміне № 1 қосымша
Құрманғазы ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне
тіркеуді өткізу үшін тіркеу комиссиясының құрамы
Султангалиев Жамбыл
– Құрманғазы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы;
Муса Абдуррахман
– Аудан әкімінің орынбасары, төраға орынбасары;
Мүшелері:
Қаспанов Жангелді
– Аудандық ішкі істер бөлімінің орынбасары;
Нсанов Рахметолла
- Аудандық орталық ауруханасының аға дәрігері–хирург, дәрігерлік комиссиясының төрағасы;
Красняк Татьяна
- Ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің Әскери қызметшілерді келісім-шартпен жинақтау және әскерге шақыру бөлімшесінің аға көмекшісі, комиссия хатшысы
15 Аудан әкімінің
2010 жылғы 5 қаңтардағы
№ 1 шешіміне № 2 қосымша
2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелушілерді
дер кезінде медициналық комиссиядан өткізу кестесі
Р с
Селолық округтер
Саны
Медициналық комиссиядан өткізу айлары
Ескертпе
1
Ганюшкин селолық округі
31
қаңтар
Абай орта мектебі
25
қаңтар
Әуезов орта мектебі
19
қаңтар
Бегалиев орта мектебі
22
қаңтар
Ганюшкин школ-интернат
4
қаңтар
Ломоносов орта мектебі
9
қаңтар
Лицей № 3
32
қаңтар
Техникалық мектеп
17
қаңтар
2
Еңбекші селолық округі
14
қаңтар
Еңбекші орта мектебі
14
қаңтар
3
Орлы селолық округі
9
қаңтар
Манаев орта мектебі
8
қаңтар
4
Мақаш ауылдық округі
5
қаңтар
Сәрсенбаев орта мектебі
14
қаңтар
5
Ақкөл поселкелік округі
10
қаңтар
Ақкөл орта мектебі
19
қаңтар
6
Қиғаш селолық округі
2
қаңтар
Қиғаш орта мектебі
8
қаңтар
7
Нұржау селолық округі
16
қаңтар
Нұржау орта мектебі
12
қаңтар
8
Дыңғызыл селолық округі
1
қаңтар
Нажмеденов орта мектебі
2
қаңтар
Нүрпейсова орта мектебі
16
қаңтар
9
Көптоғай селолык округі
4
қаңтар
Мұқанов орта мектебі
10
қаңтар
10
Шортанбай селолық округі
1
қаңтар
Шортанбай орта мектебі
19
қаңтар
Уәлиханов орта мектебі
4
қаңтар
11
Байда селолық округі
7
қаңтар
Крупская орта мектебі
10
қаңтар
12
Кудряшов селолық округі
6
қаңтар
Гоголь орта мектебі
10
қаңтар
13
Сафон селолық округі
8
қаңтар
Энгельс орта мектебі
8
қаңтар
14
Бірлік селолық округі
2
қаңтар
Имашев орта мектебі
13
қаңтар
15
Теңіз селолық округі
2
қаңтар
Гагарин орта мектебі
11
қаңтар
16
Киров селолық округі
15
қаңтар
Алтынсарин орта мектебі
16
қаңтар
17
Азғыр селолық округі
3
ақпан
Балқұдық орта мектебі
10
ақпан
Азғыр орта мектебі
7
ақпан
18
Сүйіндік селолық округі
2
ақпан
Сүйіндік орта мектебі
13
ақпан
Лабай орта мектебі
5
ақпан
19
Асан селолық округі
9
ақпан
Құрманғазы орта мектебі
10
ақпан
Момышұлы орта мектебі
6
ақпан
20
Қосымша күндер
наурыз
21
Барлығы
520
16 Аудан әкімінің
2010 жылғы 5 қаңтардағы
№ 1 шешіміне № 3 қосымша
Аудандық дәрігерлік куәландыру комиссиясының құрамы
1. Нсанов Рахметолла
аға-дәрігер, хирург, комиссия төрағасы
2. Шарапиева Венера
-
тері дәрігері
3. Рамазанова Әлия
-
жасөспірімдер-терапевт
4. Досқалиев Алпысбай
-
жүйке жүйесінің ауруларының дәрігері
5. Кабулова Аида
-
көз дәрігері
6. Жандыбаева Айгүл
-
тіс дәрігері
7. Нұғманов Амангелді
-
фтизиатр, рентгенолог
8. Сисеналиев Талап
-
психиатр-нарколог
9. Харитонов Виктор
-
құлақ-мұрын дәрігері
10. Юсупова Нурлы
-
кардиолог
11. Кабуова Гүлнар
-
дәрігер-лаборант
12. Зинуллина Унзила
-
рентген-лаборант
13. Зинуллаева Эленора
-
лаборант
14. Азербаева Ария
-
лаборант
15. Хамзина Сандуғаш
-
медбике
16. Кабиева Гүлфара
-
медбике
17. Каримова Маржангүл
-
электрокардиографиалық медбикесі
18. Махаева Маржан
-
Санитарка, комиссия хатшысы