Қолданыстағы ред. 07.04.2011 (Редакция 51173_217090.kaz)

Ұлытау ауданы аумағында тұратын 1993 жылы туған азаматтарды 2010 жылғы әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы от 15.02.2010 г. № 02 (Ұлытау ауданы аумағында тұратын 1993 жылы туған азаматтарды 2010 жылғы әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы)

0

Ұлытау ауданы аумағында тұратын 1993 жылы туған азаматтарды 2010 жылғы әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына сәйкес және Ұлытау ауданының әскерге шақыру учаскесіне 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туған азаматтарды тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында Ұлытау ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. 1993 жылы туған азаматтарды Ұлытау ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру учаскесіне әскери есепке тіркеу жұмыстары 2010 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында жүргізілсін.

2

2. Ұлытау ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі бастығының қызметін уақытша атқарушы Е. Уткельбаевқа:

1

1) аудандағы ұйымдарда, мекемелерде, кәсіпорындарда жұмыс істейтін тіркеуге жататын азаматтардың тізімін сұратып алу;

2

2) азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру шаралары жөнінде аудан әкімдігіне ұсыныс беру тапсырылсын.

3

3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Садықовқа жүктелсін.

4

4. Осы шешім ресми жарияланғаннан соң 10 күннен кейін қолданысқа енгізіледі.