Құжат мәтініне өту

Об изъятии из денежного обращения монет (тенге) образца 1993 года

Қаулы · № 300 · қабылданған 05.08.2001
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1993-ekb-10043/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об изъятии из денежного обращения монет (тенге) образца 1993 года Күшін жойған Қаулы ·№ 300 ·05.08.2001
29.05.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об изъятии из денежного обращения монет (тенге) образца 1993 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 300 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об изъятии из денежного обращения монет (тенге) образца 1993 года
Атауы (қаз.)
1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi) ақша айналымынан алу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
300
Қабылданған күні
05.08.2001
Көрсетілген редакция
29.05.2017 AI10043_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.05.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V010001645_
ЭКБ идентификаторы
10043
Редакция идентификаторы
AI10043_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:38

0 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi) ақша айналымынан алу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.05.2017 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
Қазақстан Республикасының айналымдағы ұлттық валютасының ақша белгiлерiн ретке келтiру мақсатында және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Z952155_ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:

1 1. 2001 жылдың 1 қазанынан бастап айналымда жүрген 1993 жылғы үлгiдегi металл ақша (теңге) (бұдан әрi - 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаның (теңгенiң)) 1993 жылғы үлгiдегi ескерткiш және мерейтойлық металл ақшадан басқасы ақша айналымынан алынсын.

2 2. 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi) ақша айналымынан алудың мынадай тәртiбi белгiленсiн:

1

1) 2001 жылдың 1 қазанынан бастап 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi) тек қана Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) филиалдары, екiншi деңгейдегi банктер және Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрi - екiншi деңгейдегi банктер) қабылдайды және айырбастайды;

2

2) екiншi деңгейдегi банктер осы қаулының 1-тармағында белгiленген күннен бастап 2 (екi) жыл бойы заңды және жеке тұлғалардан 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi) қабылдайды және айналымда жүрген ақша белгiлерiнiң басқа түрлерiне айырбастайды. Осы мерзiм өткеннен кейiн екiншi деңгейдегi банктердiң заңды және жеке тұлғалардан 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi) қабылдауға құқығы жоқ;

3

3) Ұлттық Банктiң филиалдары осы тармақтың 2-тармақшасында белгiленген мерзiм өткеннен кейiн 5 (бес) жыл бойы заңды және жеке тұлғалардан 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi) қабылдайды және олардың түпнұсқалығы анықталғаннан кейін айналымда жүрген ақша белгiлерiнiң басқа түрлерiне айырбастайды.

3 3. Осы қаулының 2-тармағының 3-тармақшасында белгiленген мерзiм өткеннен кейiн Ұлттық Банктiң Басқармасы заңды және жеке тұлғалардан 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi) қабылдау мен айырбастаудың белгiленген мерзiмiн ұзартуға құқылы.

4 4. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу басқармасы (Мәжитов Д.М.):

1 1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп белгiленген тәртiппен

осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк
тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;

2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде

мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлгеннен кейiн Халықаралық қатынастар және
жұртшылықпен байланыс басқармасымен (Мартюшев Ю.А.) бiрлесiп осы қаулыны
республикалық газеттерде (мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде) жарияласын.

5 5. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық

Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.

Қолданыстағы