Құжат мәтініне өту

Об изъятии из денежного обращения банкнот национальной валюты образца 1993 года

Қаулы · № 71 · қабылданған 25.07.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1993-ekb-29339/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об изъятии из денежного обращения банкнот национальной валюты образца 1993 года Күшін жойған Қаулы ·№ 71 ·25.07.2006
27.05.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об изъятии из денежного обращения банкнот национальной валюты образца 1993 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 71 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об изъятии из денежного обращения банкнот национальной валюты образца 1993 года
Атауы (қаз.)
Ұлттық валютаның 1993 жылғы үлгідегі банкноталарын ақша айналысынан алу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
71
Қабылданған күні
25.07.2006
Көрсетілген редакция
27.05.2013 AI29339_2.kaz
Соңғы өзгеріс
27.05.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004342_
ЭКБ идентификаторы
29339
Редакция идентификаторы
AI29339_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:04

0 Ұлттық валютаның 1993 жылғы үлгідегі банкноталарын ақша айналысынан алу туралы

Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгілерін ретке келтіру мақсатында және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2006 жылғы 15 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының номиналдары 1 теңге, 3 теңге, 5 теңге, 10 теңге, 20 теңге, 50 теңге, 100 теңге болатын айналыстағы банкноталары (бұдан әрі - 1993 жылғы үлгідегі банкноталар) ақша айналысынан алынсын.

2 2. 1993 жылғы үлгідегі банкноталарды айналыстан алудың мынадай тәртібі белгіленсін:

1

1) осы қаулының 1-тармағында белгіленген күннен бастап 12 (он екі) ай ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) филиалдары, екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының аумағында заңды және жеке тұлғалардан 1993 жылғы үлгідегі банкноталарды қабылдайды және айналыстағы ақша белгілерінің басқа түрлеріне айырбастайды;

2

2) осы қаулының 1) тармақшасында белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының аумағында заңды және жеке тұлғалардан 1993 жылғы үлгідегі банкноталарды одан әрі Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгілеген тәртіппен сараптамадан өткізу үшін Ұлттық Банктің филиалдарына тапсыру үшін ғана қабылдайды;

3

3) Ұлттық Банктің филиалдары осы қаулының 1) тармақшасында белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін 5 (бес) жыл ішінде заңды және жеке тұлғалардан 1993 жылғы үлгідегі банкноталарды қабылдайды және сараптамадан өткізу арқылы олардың түпнұсқалығын растағаннан кейін айналыстағы ақша белгілерінің басқа түрлеріне айырбастайды.

3 3. Осы қаулының 2-тармағының 3) тармақшасында белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін Ұлттық Банктің Басқармасы заңды және жеке тұлғалардан 1993 жылғы үлгідегі банкноталарды қабылдаудың және айырбастаудың белгіленген мерзімін ұзартуға құқылы.

4 4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 5. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті (Мәжитов Д.М.):

1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күн ішінде оны Ұлттық Банктің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

6

6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қолма-қол ақшамен жұмыс департаментінен жариялау үшін өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А.Әлжановқа жүктелсін.

Қолданыстағы