1993 жылы туылған азаматтарды "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 1993 жылы туылған азаматтарды "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы
- Атауы (қаз.)
- 1993 жылы туылған азаматтарды "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 11
- Қабылданған күні
- 12.11.2009
- Көрсетілген редакция
- 11.05.2010 · қолданыстағы AI49297_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.05.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09CD000087
- ЭКБ идентификаторы
- 49297
- Редакция идентификаторы
- AI49297_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:03
0 1993 жылы туылған азаматтарды "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына, 18-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы» ережеге, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабына сәйкес 1993 жылы туылған азаматтарды аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру мақсатында, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. 1993 жылы туылған азаматтарды аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркеу 2010 жылдың қаңтар - наурыз айларында өткізілсін.
2 2. Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (А.Құлниязов):
1 1) тіркеуді жүргізуге қажетті адамдармен қамтамасыз етудің шараларын жасасын;
2 2) келмеген шақырылушыларды іздестіріп, бакылайтын топ кұрып, оның құрамына аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен, селолык округ әкімдері аппараттарынан, аудандық ішкі істер бөлімінен өкілдер енгізу тапсырылсын.
3 3. Селолық округ әкімдеріне:
1993 жылы туылган азаматтардың тіркеу учаскелеріне уақытылы жеткізілуі үшін мекемелерден, мектептерден арнаулы көліктер ұйымдастырсын.
4 4. Аудандық білім бөлімі (Е.Құлжан):
тіркеу кезінде анықталған орта білімі жоқ жастарды өздерінің тұракты мекен-жайы бойынша орта мектептерге бекітіліп, оларды оқытуды ұйымдастыруды қатаң бақылауға алсын.
5 5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Ш.Спанова):
тіркеуге дайындық жүргізуге және тіркеу кезінде құжаттарды толтыруға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне көмек беру үшін 2010 жылдың 1 каңтар мен 1 наурыз аралығындағы уақытқа қоғамдық ақылы жұмысшылар қатарынан 7 адам бөлсін.
6 6. Аудандық «Орталық аурухана» МҚКК (О.Әбдин):
1 1) тіркеу барысында анықталған науқас азаматтарды емдеу мекемелеріне тұрақты бекітіп, оларды жан-жақты сауықтыру шараларын жүргізсін;
2 2) бұл жұмысты бақылауға алып, қажет жағдайда көшпелі дәрігерлік комиссия ұйымдастыруды қамтамасыз етсін, сондай-ақ әскери шақырылу қостарн қажетті медициналық және шаруашылық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етсін.
7 7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
А.Аманғоска тапсырылсын.
8 8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б.Кемешов