Құжат мәтініне өту

1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы

Өзге акт · № 11-148 · қабылданған 16.11.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1993-ekb-49410/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 11-148 ·16.11.2009
03.12.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 11-148 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы
Атауы (қаз.)
1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11-148
Қабылданған күні
16.11.2009
Көрсетілген редакция
03.12.2010 · қолданыстағы 49410_213630.kaz
Соңғы өзгеріс
03.12.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09DH000130
ЭКБ идентификаторы
49410
Редакция идентификаторы
49410_213630
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:02

0 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы

Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруға жастарды дайындау жұмысын жақсарту мен тіркеуді сапалы, әрі ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. 1993 туылған ересек жастағы азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу 2010 жылдың қаңтар - наурыз айлары аралығында жүргізілсін.

2 2. Қала және селолық округ әкімдері:

1 1) аудандық әскери басқару органдарына шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын әскери жасына дейінгілердің тізімін тапсырсын;

2 2) әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды олардың аудандық әскери басқару органдарына шақырылғаны туралы хабардар етуге және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін;

3 3) әскери-есептік құжаттарында аудандық әскери басқару органдарының әскери есепке алғаны туралы белгілер болған кезде әскери міндеттілер мен әскери шақырушыларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді жүзеге асырсын;

4 4) аудандық әскери басқару органдарына әскер жасына дейінгілерді әскери есепке алуда, азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізуде көмек көрсетсін.

3 3. "Еңбекшіқазақ ауданының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Бахтамбаев Қуандық Омарұлы, келісімі бойынша):

1 1) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз кұзіреті шегінде жүзеге асырсын;

2 2) анықтау және алдын-алу тергеу органдары жеті күн мерзім ішінде аудандық әскери басқару органдарына оларға қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілер туралы хабарлап отырсын.

4

4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының Алматы облыстық филиалының Еңбекшіқазақ аудандық бөлімшесі (Қабылова Нілпара Іліпбайқызы, келісімі бойынша), жеті күн мерзім ішінде аудандық әскери басқару органдарына мүгедек деп танылған барлық әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы мәліметтер берсін.

5

5. "Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (Балакойшиев Болат Рысбайұлы, келісімі бойынша) шақыру өткізуді бастар алдында аудандық әскери басқару органдарының сұрау салуы бойынша стационарлық емдеудегі және диспансерлік есепте тұрған әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы мәліметтерді хабарласын.

6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Ташполат Жамалұлы Жамаловқа жүктелсін.

7 7. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

Қолданыстағы