Уәлиханов ауданының шақыру учаскесінде тіркеуді өтпеген, 1993 жылғы және үлкен жасты азаматтардың тіркеуін өткізу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Уәлиханов ауданының шақыру учаскесінде тіркеуді өтпеген, 1993 жылғы және үлкен жасты азаматтардың тіркеуін өткізу туралы
- Атауы (қаз.)
- Уәлиханов ауданының шақыру учаскесінде тіркеуді өтпеген, 1993 жылғы және үлкен жасты азаматтардың тіркеуін өткізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 05.01.2010
- Көрсетілген редакция
- 06.12.2010 · қолданыстағы 49605_195486.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.12.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10SM000117
- ЭКБ идентификаторы
- 49605
- Редакция идентификаторы
- 49605_195486
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:22
0 Уәлиханов ауданының шақыру учаскесінде тіркеуді өтпеген, 1993 жылғы және үлкен жасты азаматтардың тіркеуін өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережесін бекіту жөнінде» 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысының 2-бөліміне сәйкес, әскерге дейінгі шақырылатындарды Уәлиханов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне уақыты және сапалы тіркеуді қамтамасыз ету мақсатында, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
1
1. 1993 жылы туған ер азаматтарды және шақырылу жасынан өткен, бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген ересек азаматтарды тіркеу 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында Тоқпанов қиылысы,13 мекен-жайында орналасқан Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінің үй-жайында өткізілсін.
2 2. Селолық округтер әкімдері:
1 1) шақыру учаскесінде тіркелуге тиіс 1993 жылы туған азаматтардың тізімдерін Қорғаныс iстері жөнiндегi бөлiмге ұсынсын.
2 2) жинақтау пунктіне тіркелуші азаматтардың белгіленген уақытта ұйымшылдықпен жеткізілуін қамтамасыз етсін.
3 3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Уәлиханов аудандық орталық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігеріне (Т.Т. Иманов) (келісім бойынша):
1 1) шақыру учаскесін қажетті жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз етсін;
2 2) «Уәлиханов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының мәлімдемесі бойынша тіркеуге жататын азаматтарды дәрігерлік куәландіру үшін дәрігерлер мамандарды мен ортаңғы медициналық персоналды атап берсін;
3 3) 1993 жылы туған азаматтарды емдеу-алдың алу мекемелерінде стационарлық тексеру үшін 10 төсек-орыннан бөлінсін;
4 4) 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін 1993 жылы туған азаматтардын барлығына амбулаторлық, диспансерлік, Ф № 025/у және Ф № 025-1/у карталары «Уәлиханов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсырылсын.
4 4. «Уәлиханов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Қ. Ж. Омаровқа) (келісім бойынша):
1 1) 1993 жылғы және одан үлкен жаста, бұрын шақыру учаскесінде тіркелмеген азаматтардың тіркеу кестесі жасалсын және округ әкімдеріне жеткізілсін.
2 2) 1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу қорытындысы туралы ақпаратты 2010 жылғы 10 сәуірге дейін аудан әкіміне ұсынсын.
5 5. «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (И.К. Жомартов) (келісім бойынша) шақыру учаскесіне азаматтардың тіркеу кезінде:
1 1) «Уәлиханов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының өтінімі бойынша есепке тұрудан бас тартатын, тұлғаларды іздеу және ұстауды жүзеге асырсын;
2 2) Құқық тәртібін бұзбауын қамтамасыз ету үшін, әскерге шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеу кезеңінде полиция қызметкері берілсін;
3 3) Шақыру учаскесіне дейін учаскелік инспекторларымен, полиция инспекторларымен әскерге шақырушыларды шығарып салуын ұйымдастырсын.
6 6. «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (К.Б.Көрпебаеваға) тіркеу жөніндегі іс-шаралардың қаржыландырылуын жергілікті бюджетте осы мақсаттарға қарастырылған қаржы есебінен қамтамасыз етсін.
7 7. Кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің басшылары: әскерге шақыруға дейінгі әскери есепке қойылуына байланысты міндеттерін орындауға қажетті уақытқа тіркеуден өтетін азаматтардың келуін, жұмыстан, оқудан босатылуын қамтамасыз етсін.
8 8. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Р.Ахметоваға жүктелсін.
9 9. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуінен бастап және бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші рет ресми жарияланғаннан кейінгі күннен он күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Аудандық аурухананың
бас дәрігері
Т. Иманов
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
И. Жомартов
Ауданның қаржы
бөлімінің бастығы
Қ. Көрпебаева
Уәлиханов ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің бастығы
Қ. Омаров