Құжат мәтініне өту

О проведении приписки граждан Республики Казахстан мужского пола 1993 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны района имени Габита Мусрепова

Өзге акт · № 19 · қабылданған 28.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1993-ekb-49644/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О проведении приписки граждан Республики Казахстан мужского пола 1993 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны района имени Габита Мусрепова Күшін жойған Өзге акт ·№ 19 ·28.12.2009
26.11.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении приписки граждан Республики Казахстан мужского пола 1993 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны района имени Габита Мусрепова

Күшін жойған Өзге акт ·№ 19 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении приписки граждан Республики Казахстан мужского пола 1993 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны района имени Габита Мусрепова
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының 1993 жылы туылған ер азаматтарын Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақырушылар учаскесіне тіркеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
19
Қабылданған күні
28.12.2009
Көрсетілген редакция
26.11.2010 49644_189370.kaz
Соңғы өзгеріс
26.11.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09SE000105
ЭКБ идентификаторы
49644
Редакция идентификаторы
49644_189370
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:28

0 Қазақстан Республикасының 1993 жылы туылған ер азаматтарын Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақырушылар учаскесіне тіркеу туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74–ІІІ «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңы 17-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы негізінде, 1993 жылы туылған азаматтарды Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақырылушылар учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:

1 1. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жынысы ер азаматтарды 1993 жылы туылған және тіркеу жылы 17 жасқа толатын сондай-ақ, жасы үлкен тіркеуді өтпеген ересек азаматтарды әскерге шақыру тіркеуіне қатыстырылуы 2010 жылдың қантарынан наурыз айы аралығында жүргізілсін.

2 2. «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінде шақыру учаскесі ұйымдастырылсын.

3 3. «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Дулат Бекейұлы Ғабдуллинге (келісім бойынша). 2010 жылдың қаңтардан айынан наурызға дейін тіркеуге жататын азаматтарды шақыруын жүргізу ұсынылсын.

4 4. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның бас дәрігері Қаныш Болатұлы Бижановқа (келісім бойынша) келесі міндеттер ұсынылсын:

1 1) азаматтарды дәрігерлік куәландырудан өткізу үшін қажетті құрамда тәжірибелі дәрігер мамандары және орта дәрігерлер қызметімен қамтамасыз етсін;

2

2) аудандық емдеу мекемелері арқылы көкірек клеткасына флюорография (рентгеноскопия) жасау, аяқ табандарын тексеру, электрокардиограмма, анализдер өткізуі барлық азаматтарға 2010 жылдың қаңтарынан бастап «Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің есеп жоспарына сәйкес қамтамасыз етілсін;

3 3) дәрігерлік комиссияны қажетті мөлшерде дәрігерлік және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз етілсін;/

4 4) «Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің берген тізімге сәйкес тіркеуден өткенен соң емдеу қажет етілетін азаматтарды емдеу мекемесінің қарамағына алып келіп, кезекті әскери шақыруға дейін емдеу жүргізілсін.

5 5. Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Балабек Әділбекұлы Жахинға (келісім бойынша) азаматтарды тіркеу участігіне келу бақылауын іске асыру және қажетті реті мен тәртіпті қамту, тіркеуден жалтарту әрекетін алдын кесу.

6 6. Барлық селолық округтердің әкімдеріне жүктелсін:

1 1) тіркеудің басталуына дейін 1993 жылы туылған азаматтарын және ертеде тіркеуден өтпеген тіркеуден жасы үлкен азаматтардың қажетті құжаттарын даярлап «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсыру;

2 2) «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгілеген мерзімге сәйкес тіркеуге жататын барлық азаматтар әскерге шақыру комиссияға қатысуына дербес қағазы тапсырылсын;

3 3) азаматтарды әскерге шақырушылар учаскесіне жеткізу үшін қажетті көлік және алып барушымен қамтамасыз етілсін, азаматтарды тасымалдауда апат жағдайлардың алдын алу үшін шаралар қабылдансын;

4 4) әскерге шақыру учаскесіне әскерге дейінгілердің шақыру қағазында көрсетілген қажетті құжаттардың толық екендігі тексерілсін.

7 7. «Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Наталья Геннадьевна Дышкантқа бюджетпен қарастырылған есепке сәйкес тіркеуді қамтамасыз ету үшін қажетті ақша қаражаты бөлінсін.

8 8. «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы Дулат Бекейұлы Ғабдуллинге (келісім бойынша) 1993 жылы туылған азаматтардың әскери шақыру учаскесіне тіркеуінің қорытындысын Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкіміне 2010 жылдың сәуір айында баяндасын.

9 9. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Алтыншаш Жұлдызбекқызы Тайшабаеваға және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Дулат Бекейұлы Ғабдуллинге жүктелсін.

10 10. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі
мемлекеттік мекемесі бастығы
Д.Б. Ғабдуллин
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның
Ішкі Істер бөлімінің бастығы
Б.А.Жахин
Қазақстан Республикасы денсаулық
сақтау Министрлігінің Солтүстік
Қазақстан облысы әкімдігінің «Ғабит
Мүсірепов атындағы ауданның Орталық
аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу
мемлекеттік құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорынның бас дәрігері
Қ.Б. Бижанов

Қолданыстағы