Құжат мәтініне өту

О проведении приписки на призывном участке государственного учреждения "Управление по делам обороны города Актобе" граждан 1993 года рождения

Өзге акт · № 14 · қабылданған 30.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1993-ekb-49659/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О проведении приписки на призывном участке государственного учреждения "Управление по делам обороны города Актобе" граждан 1993 года рождения Күшін жойған Өзге акт ·№ 14 ·30.12.2009
06.12.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении приписки на призывном участке государственного учреждения "Управление по делам обороны города Актобе" граждан 1993 года рождения

Күшін жойған Өзге акт ·№ 14 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении приписки на призывном участке государственного учреждения "Управление по делам обороны города Актобе" граждан 1993 года рождения
Атауы (қаз.)
1993 жылы туған азаматтарды "Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу жүргізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
14
Қабылданған күні
30.12.2009
Көрсетілген редакция
06.12.2010 49659_184019.kaz
Соңғы өзгеріс
06.12.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09CA000125
ЭКБ идентификаторы
49659
Редакция идентификаторы
49659_184019
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:24

0 1993 жылы туған азаматтарды "Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу жүргізу туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы» Қаулысын орындауға байланысты, Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37 баптары негізінде қала әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. 2010 жылдың 11 қаңтары мен 31 наурызы аралығында «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесiне тіркеу жылы 17 жасқа толатын 1993 жылы туған азаматтарды, сонымен қатар бұрын тiркеуден өтпеген, Ақтөбе қаласының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тiркеу жүргiзiлсiн.
Шараларды орындауға байланысты шығындар жергiлiктi бюджет қаржылары есебiнен жүзеге асырылады.

2 2. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасына (Қ. Қ. Сабыр келісім бойынша) «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағына бөлу ұсынылсын:

1 1) тіркелушілерге медициналық куәлiк берудi жүргiзу үшiн дәрiгер-мамандарды және медбикелерді;

2 2) тіркелушілерді медициналық құжаттармен сапалы және толық қамтамасыз ету үшiн жеткіншектер кабинеттерiнiң дәрiгерлерiн;

3 3) шақыру учаскесіне шақырылушылар санының көбеюіне байланысты қосымша медициналық комиссиядан өткізу үшін дәрігер-мамандарды және медбикелерді;

4 4) дәрігер-мамандардың резервтік құрамын;

5 5) медициналық комиссия жұмысы үшiн қажетті медициналық мүлiктердi, құралдарды және дәрi-дәрмектердi.

3 3. Меншiк түрiне қарамастан кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшыларына ұсынылсын:

1 1) тiркеуге жататын азаматтарға оларды қалалық шақыру пунктiне шақырғаны туралы хабар беру және олардың бұл шақыру бойынша дер кезiнде келуiн қамтамасыз ету;

2 2) азаматтарды әскери есепке қоюға байланысты мiндеттердi орындауға қажеттi уақытқа олардың жұмыс (оқу) орындарындағы айлығын (шәкіртақысын) сақтай отырып, жұмыстан (оқудан) босату.

3 3) техникалық қызметкерлердің қажетті санын бөлу.

4

4. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (А. А. Арынғазиева) «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (Т. К. Бөлтеев) бiрлесе отырып, қала мектептерiнде оқитын барлық 1993 жылы туған азаматтарды толық тiркеуге алуды бақылауды жүзеге асыру ұсынылсын. Тiркелу кезiнде анықталған барлық орта бiлiмi жоқ азаматтарды кейiн күндiзгi және сырттай жалпы бiлiм беру мектептерiнде оқытатындай етiп есепке алсын.

5 5. Ақтөбе қалалық iшкi iстер басқармасына (Е. Б. Есмаханов келісім бойынша) полиция нарядын бөлу ұсынылсын: шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін екі адам және іздестіру тобы үшін екі адам.

6

6. Қалалық әділет басқармасына (В. Т. Мамбетова келісім бойынша), № 2 қалалық сотқа (А. А. Құрмантаев келісім бойынша), меншiк түрiне қарамастан органдар мен ұйымдарға тіркеу жүргізу кезеңінде Қазақстан Республикасының «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Заңының 18 бабында қарастырылған мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

7 7. Селолық округтер әкiмдерi «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы» мемлекеттік мекемесінің талабы бойынша шақырылуға дейінгілерді және шақырылушыларды олардың шақыру пунктiне шақырылғандығын хабарласын және жеткіншектердің уақытында келуiн қамтамасыз етсiн.

8 8. «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Т. К. Бөлтеев) азаматтардың шақыру учаскесiне тiркелуiн ұйымшылдықпен жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын алсын. Тiркеу қорытындысы туралы 2010 жылдың 10 сәуiрiнде қала әкiмiне хабарласын.

9 9. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары С. М. Қалдығұловаға және «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Т. К. Бөлтеевке жүктелсін.

10 10. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы