Ескелді ауданы бойынша 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ескелді ауданы бойынша 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
- Атауы (қаз.)
- Ескелді ауданы бойынша 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 15
- Қабылданған күні
- 02.12.2009
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2010 · қолданыстағы 49821_203361.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09DI000093
- ЭКБ идентификаторы
- 49821
- Редакция идентификаторы
- 49821_203361
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:52
0 Ескелді ауданы бойынша 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 қаулысына сәйкес 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды уақтылы және сапалы жүргізу, сондай-ақ жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды құраммен жасақтауды қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. 1993 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында Ескелді аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінде шақыру учаскелеріне тіркеуге алынсын.
2 Комиссия мүшелері:
2. Азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі комиссияның дербес құрамы төмендегідей құрамда бекітілсін:
Қанағатов Асан Уахитұлы - комиссия төрағасы, аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник(келісім бойынша);
Бейсбаев Асхат Ғалымжан - комиссия төрағасының орынбасары, аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы.
Комиссия мүшелері:
Берліқожанов Болат Жебегенұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры (келісім бойынша);
Зонов Сергей Федорович - аудандық аурухананың дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша);
Бабагумарова Эльмира - комиссия хатшысы (келісім бойынша).
3 3. Ауылдық және кенттік округтердің әкімдері:
1 1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақыру учаскесінде тіркелуге жататын 1993 жылы туған азаматтардың тізімін берсін;
2 2) 1993 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтардың дер кезінде, толық және ұйымшылдықпен тіркеуге алынуын жан-жақты қамтамасыз етсін.
4 4. Ескелді ауданының шақыру учаскесінде тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу үшін Ескелді ауданының "Аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (Албаков Ильзат Назымұлы) келісім бойынша:
1 1) тіркеуге алынушыларды медициналық тексеруден өткізу кезінде жан-жақты көмек көрсету жөніндегі шараларды әзірлесін, бұл іске тәжірибелі дәрігерлер мен қажетті орта медициналық қызметкерлерді қатыстырсын;
2 2) тіркеуге алу жөніндегі комиссияның жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті медициналық құрал-жабдықтар комплекттер бөліп берсін;
3
3) аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімге, тіркеуге алу басталғанға дейін 1993 жылы туылған жастардың медициналық жеке карталарын және амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың қажетті медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық және психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірімдер кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрған жастардың тізімін тапсырсын;