Қолданыстағы ред. 22.12.2009 (Редакция AI49822_0.kaz)

1993 жылы туылған азаматтардың әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы от 22.12.2009 г. № 12-9 (1993 жылы туылған азаматтардың әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы)

0

1993 жылы туылған азаматтардың әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының “Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” Заңының 17 бабындағы 3 тармағына сәйкес, 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды уақтылы және сапалы жүргізу, сондай-ақ жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да жасақтарға және әскери қалыптасуларға әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру жұмыстарын жақсарту мақсатында қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. 2010 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алынсын.

2

2. Қалалық ішкі істер бөлімі (М. Б. Құсаинов) (келісім бойынша):

1

1) 2010 жылғы 15 қаңтарға дейін қорғаныс істері жөніндегі бөлімге кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімде есепте тұрған жастардың тізімін берсін.

2

2) Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге, әскерге шақыру учаскелерінде тізімге тұрудан жалтарып жүрген жастарды іздестіруге көмек көрсетсін.

3

3. “Қапшағай қалалық ауруханасы” мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (Ә. С. Уәлиханов) (келісім бойынша):

1

1) Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге тізімге алынушыларды медициналық тексеруден өткізу кезінде жан-жақты көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін;

2

2) 2010 жылғы 15 қаңтарға дейін қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1993 жылы туылған жастарға, амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық, психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірімдер кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрған жастардың тізімін тапсырсын;

3

3) тіркеуге алуға дейін 1993 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізсін;

4

4) ауыратыны анықталған жасөспірімдердің арасындағы сауықтыру жұмыстарын тікелей медициналық тексеру кезінде бастап, олардың тізімін осы жасөспірімдердің тұрғылықты жерлеріндегі емхананың маман-дәрігерлеріне тапсырсын.

4

4. “Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесі (Г. Б. Соппекова):
қорғаныс істері жөніндегі бөлімге, мүгедек деп танылған 1993 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын.

5

5. “Қапшағай қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі (Р. С. Ешімова):

1

1) тіркеуге алу кезінде орта білімі жоқ жастарды анықтау үшін қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге мұғалімдер бөліп, олардың оқуын ұйымдастырсын;

2

2) 1993 жылы туылған жастар арасында әскери оқу орындарына түсетін үміткерлерді іріктеп алу жұмысын жүргізсін.

6

6. “Қапшағай қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесі (Н. Ю. Носова):

1

1) кәсіпорындарда, ұйымдарда және оқу орындарында әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жастардың дайындығын ұйымдастырсын;

2

2) тіркеуге алу кезінде шақырылушы жастар арасында әскери-патриоттық сұрақтар бойынша тәрбиелік және түсініктеме жұмыстарын ұйымдастырып өткізсін.

7

7. Қапшағай қаласының әділет басқармасында 2009 жылдың 12 қаңтардағы № 2-2-74 нөмірімен мемлекеттік тізілімде тіркелген, «1992 жылы туылған азаматтардың әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы» қала әкімінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 12-38 шешімінің күші жойылды деп танылсын (2009 жылдың 15 қаңтарында «Қапшағай» газетінің 1 нөмірінде жарияланған).

8

8. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары І. С. Сүгіровке жүктелсін.

9

9. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.