Құжат мәтініне өту

О проведении приписки граждан мужского пола 1993 года рождения и старших возрастов, ранее не прошедших приписку к призывному участку отдела по делам обороны Акжарского района

Өзге акт · № 01 · қабылданған 05.01.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1993-ekb-49865/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О проведении приписки граждан мужского пола 1993 года рождения и старших возрастов, ранее не прошедших приписку к призывному участку отдела по делам обороны Акжарского района Күшін жойған Өзге акт ·№ 01 ·05.01.2010
22.11.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении приписки граждан мужского пола 1993 года рождения и старших возрастов, ранее не прошедших приписку к призывному участку отдела по делам обороны Акжарского района

Күшін жойған Өзге акт ·№ 01 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении приписки граждан мужского пола 1993 года рождения и старших возрастов, ранее не прошедших приписку к призывному участку отдела по делам обороны Акжарского района
Атауы (қаз.)
1993 жылы туған және алдында тіркеуді өтпеген ересек жастағы ер азаматтардың Ақжар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесінде тіркеуін жүргізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
01
Қабылданған күні
05.01.2010
Көрсетілген редакция
22.11.2010 49865_189540.kaz
Соңғы өзгеріс
22.11.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10SD000094
ЭКБ идентификаторы
49865
Редакция идентификаторы
49865_189540
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:22

0 1993 жылы туған және алдында тіркеуді өтпеген ересек жастағы ер азаматтардың Ақжар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесінде тіркеуін жүргізу туралы

Қазақстан Республикасы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 44, 18, 17-бабтарына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес, аудан әкімі ШЕШТІ:

1 1. 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туған, тіркеу жылы 17 жасқа толатын және алдында тіркеуді өтпеген ересек жастағы Қазақстан Республикасы ер азаматтарының әскерге шақыру учаскесінде тіркеуі жүргізілсін.

2 2. «Ақжар ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Т.С. Турабайға (келісім бойынша) шақырту пунктісі үшін бөлме бөлу және қажет температуралық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қолдануы ұсынылсын.

3 3. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрілігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Ақжар аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының бас дәрігері Ш.Қ.Сәбитоваға (келісім бойынша):

1 1) медициналық комиссияны білікті дәрігер-мамандарымен, медициналық персоналмен жинақтасын;

2 2) шақырту пунктісін қажетті дәрі-дәрмекпен, құралдармен қамтамасыз етсін;

3 3) тіркеу жөніндегі медициналық комиссияның құрамын аурухана бойынша бұйрықпен бекітсін;

4 4) денсаулық сақтау ұйымдарында орындарды қарастырсын.

4 4. «Ақжар аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ә.Н.Әділоваға 2010 жылға арналған аудан бюджетінде осы мақсаттарға қарастырылған сомаға сәйкес азаматтардың әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі іс-шаралар үшін шығыстарды уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

5 5. Ақжар ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы К.А. Бейсенбаевқа (келісім бойынша) әскерге шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеу кезеңінде:

1 1) азаматтарды тіркеу мезгілінде шақырту учаскесінде қоғамдық тәртіпті қолдауды қамтамасыз етсін;

2 2) әскери міндетті орындаудан бас тартқан тұлғаларды шақырту учаскесіне жеткізуді іске асырсын.

6 6. Селолық округінің әкімдеріне:

1 1) полицияның учаскелік инспекторларымен бірге азаматтардың шақырту учаскесіне жүз пайыз келуін қамтамасыз етсін;

2 2) медициналық комиссияны өту үшін алыс жерде тұратын азаматтарды жеткізуді қамтамасыз етсін.

7

7. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ.А.Хасеновқа осы мақсаттарға бөлінген қаржы бөлу шегінде жергілікті бюджет есебінде әскерге шақырту учаскесінде азаматтарды тіркеу бойынша іс-шараларға шығыстардың өз уақытында орындалуын қамтамасыз етсін.

8 8. Азаматтардың тіркеуі «Ақжар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында жүргізілсін.

9 9. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Айтмұхаметовқа жүктелсін.

10 10. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
«Қазақстан Республикасының
денсаулық сақтау Министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің Ақжар аудандық
ауруханасы» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігері
Ш.Қ. Сәбитова
«Солтүстік Қазақстан облысының
ішкі істер департаменті Ақжар
ауданының ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
К.А. Бейсенбаев
«Ақжар ауданының қорғаныс істер
жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Т.С. Турабай

Қолданыстағы