Құжат мәтініне өту

1993 жылы туылған азаматтарды Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде тіркеуді өткізу туралы

Өзге акт · № 17 · қабылданған 24.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1993-ekb-49933/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
1993 жылы туылған азаматтарды Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде тіркеуді өткізу туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 17 ·24.12.2009
30.11.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

1993 жылы туылған азаматтарды Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде тіркеуді өткізу туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 17 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
1993 жылы туылған азаматтарды Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде тіркеуді өткізу туралы
Атауы (қаз.)
1993 жылы туылған азаматтарды Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде тіркеуді өткізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
17
Қабылданған күні
24.12.2009
Көрсетілген редакция
30.11.2010 · қолданыстағы 49933_209372.kaz
Соңғы өзгеріс
30.11.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09CB000088
ЭКБ идентификаторы
49933
Редакция идентификаторы
49933_209372
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:35

0 1993 жылы туылған азаматтарды Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде тіркеуді өткізу туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қаулысын орындау үшін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37 баптары негізінде аудан әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. 2010 жылдың 18 қаңтар мен 31-і наурыз аралығында Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелу жасы 17-ге толатын 1993 жылы туылған азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген, тұрақты немесе уақытша Әйтеке би ауданының аумағында тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеу жүргізілсін.
Шараларды орындауға қатысты шығындар жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

2 2. Әйтеке би ауданы орталық ауруханасы (Ж. Қ. Қасымов) Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі қарамағына бөлсін;

1 1) бекітілген құрамға сәйкес тіркелетіндерге медициналық қуәлік беруді жүргізу үшін дәрігер – мамандарды;

2 2) тіркелетіндерге медициналық құжатармен сапалы және толық қамтамсыз ету үшін жеткіншектер кабинеттерінің дәрігерлерін;

3 3) дәрігер-мамандарды және медбикелерді қосымша тексеруден өткізу үшін, тіркелетіндердің саны көбеюіне байланысты;

4 4) дәрігер-мамандардың резервтегі құрамын;

5 5) медициналық комиссия жұмысы үшін қажетті медициналық мүліктерді, құралдарды және дәрі-дәрмектерді.

3 3. Медициналық комиссия жұмысы үшін 2010 жылға қажетті қаражатты жоспарлау аудандық қаржы бөліміне (А. Сапаровқа) жүктелсін.

4 4. Меншік түріне қарамастан кәсіпорын, мекеме, ұйым және оқу орындарының басшылары;

1 1) тіркеуге жататын азаматтарға хабар берсін, оларды аудандық шақыру пунктіне шақырсын және олардың бұл шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін;

2 2) шақыруға дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындауға қажетті уақытқа олардың жұмыс (оқу) орындарындағы айлығын (стипендиясын) сақтай отырып, жұмыстан (оқудан) босатсын.

5

5. Аудандық білім бөлімінің бастығы (Б.Құдайбергенұлы) Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен (И. Тұрғанбаев) бірлесе отырып, аудан мектептерінде оқитын барлық 1993 жылы туылған жасөспірімдерді толық тіркеуге алуды бақылауды жүзеге асырсын. Тіркелу кезінде анықталған барлық орта білімі жоқ жасөспірімдерді кейіннен күндізгі және сырттай жалпы білім беру мектептерінде оқитындай етіп, есепке алсын.

6 6. Аудандық ішкі істер бөліміне (А. Доданов) тіркеуді жүргізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін екі адамнан тұратын полиция нарядын бөлсін.

7 7. Аудандық әділет басқармасына (Ж. Байбашева), аудандық сотқа (М. Жарқынбеков) меншік түріне қарамастан органдар мен ұйымдарға Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18 бабында қарастырылған міндеттердің орныдалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

8 8. Селолық округтер әкімдері Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің талабы бойыша әскерге шақырылатын жасқа дейінгілер мен әскерге шақырушыларды шақырту пунктіне шақырылғандығын хабарласын және уақытында келуін қамтамсыз етсін.

9 9. Әйтеке би ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы (И. М. Тұрғанбаев) Азамамттардың әскерге шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету шараларын алсын. Тіркеу қорытындысы туралы 2010 жылдың 10 сәуірінде аудан әкіміне хабарласын.

10 10. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Рахметовқа жүктелсін.

11 11. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

19 Аудан әкімінің

№ 17 24 желтоқсандағы 2009 ж.
шешіміне қосымша № 1

1 Комиссия мүшелері:

1. Әйтеке би ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу жүргізу үшін комиссия мына құрамда құрылсын:
Тұрғанбаев Иманғазы Мамбетазыевич - Әйтеке би ауданы Қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі
бастығы, комиссия төрағасы
Отешов
Қуанышбай Айтмағамбетұлы
- Әйтеке би аудан әкімі
аппаратының бас маманы
Комиссия мүшелері:
Оразбаев
Әділбек Жақсыбаевич
- аудандық ішкі істер бөлімі
бастығының тәрбие және кадр
жөніндегі орынбасары
(келісім бойынша)
Жакибаева
Назгул Жұмажановна
- дәрігер терапевт медициналық
комиссияның төрағасы
(келісім бойынша)
Кузнецова
Людмила Александровна
- мейірбике, комиссия хатшысы
(келісім бойынша)
Резерв:
Сыбаев
Қази Елубаевич
- ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі бастығының
орыбасары
Жусупов
Шынболат Турганбайұлы
- Әйтеке би аудан әкімі
аппаратының жетекші маманы
Резервтік комиссия мүшелері:
Жауқаров
Ерлан
- аудандық ішкі істер
бөлімінің қызмет жөніндегі
орынбасары (келісім бойынша)
Тасименова
Агиля Казмаганбетовна
- дәрігер- терапевт
(келісім бойынша)
Бимаганбетова
Айгул Сакенаевна
- мейірбике
(келісім бойынша)

Қолданыстағы