1993 жылы туылған азаматтардың әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 1993 жылы туылған азаматтардың әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы
- Атауы (қаз.)
- 1993 жылы туылған азаматтардың әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 12-42
- Қабылданған күні
- 21.12.2009
- Көрсетілген редакция
- 15.12.2010 · қолданыстағы 50051_208528.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.12.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09DK000080
- ЭКБ идентификаторы
- 50051
- Редакция идентификаторы
- 50051_208528
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:42
0 1993 жылы туылған азаматтардың әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабындағы 3 тармағына сәйкес, 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды уақтылы және сапалы жүргізу мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. 2010 жылғы қаңтар-наурыз айларында, 1993 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алынсын.
2 2. Аудандық ішкі істер басқармасы (Ж.Б.Бүйтеков) (келісім бойынша):
1 1) 2010 жылғы 15 қаңтарға дейін қорғаныс істері жөніндегі бөлімге кәмелетке толмағандар ішкі істер басқармасында есепте тұрған жастардың тізімін берсін;
2 2) Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге, әскерге шақыру учаскелерінде тізімге тұрудан жалтарып жүрген жастарды іздестіруге көмек көрсетсін.
3 3. «Қарасай аудандық ауруханасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (Л.Қ.Бердібеков) (келісім бойынша):
1 1) Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге тізімге алынушыларды медициналық тексеруден өткізу кезінде жан-жақты көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін;
2
2) 2010 жылғы 15 қаңтарға дейін қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1993 жылы туылған жастарға, амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық, психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірімдер кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрған жастардың тізімін тапсырсын;
3 3) тіркеуге алуға дейін 1993 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізсін;
4 4) ауыратыны анықталған жасөспірімдердің арасындағы сауықтыру жұмыстарын тікелей медициналық тексеру кезінде бастап, олардың тізімін осы жасөспірімдердің тұрғылықты жерлеріндегі емхананың маман-дәрігерлеріне тапсырсын.
4 4. «Қарасай аудандық зейнет ақы төлеу орталығы» мемлекеттік мекемесі (Р.Б.Нахметова):
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге, мүгедек деп танылған 1993 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын.
5 5. «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ұ.А.Бархинова):
1 1) тіркеуге алу кезінде орта білімі жоқ жастарды анықтау үшін, жалпы білім деңгейін және мамандығын анықтау жұмыстарын ұйымдастырсын;
2 2) 1993 жылы туылған жастар арасында әскери оқу орындарына түсетін үміткерлерді іріктеп алу жұмысын жүргізсін;
6 6. «Қарасай ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б.И.Иманбеков):
Кәсіпорындарда, ұйымдарда және оқу орындарда әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жастардың дайындығын ұйымдастырсын;
7
7. Қарасай ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 6 қаңтардағы № 2-11-61 нөмірімен мемлекеттік тізілімде тіркелген, «1992 жылы туылған азаматтардың әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы» аудан әкімінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 12-29 шешімінің күші жойылды деп танылсын (2009 жылдың 20 маусымында «Заман жаршысы» газетінің 25 нөмірінде жарияланған).