Құжат мәтініне өту

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру учаскесіне 1993 жылы туған жасөспірімдерді тізімге алынуын өткізу туралы

Өзге акт · № 2 · қабылданған 15.01.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.04.2010 редакциясы
https://adilet.kz/laws/1993-ekb-50162/?version=AI50162_1.kaz
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру учаскесіне 1993 жылы туған жасөспірімдерді тізімге алынуын өткізу туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 2 ·15.01.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру учаскесіне 1993 жылы туған жасөспірімдерді тізімге алынуын өткізу туралы

ҚАЗШығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру учаскесіне 1993 жылы туған жасөспірімдерді тізімге алынуын өткізу туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 2 · қабылданған 15.01.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру учаскесіне 1993 жылы туған жасөспірімдерді тізімге алынуын өткізу туралы
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру учаскесіне 1993 жылы туған жасөспірімдерді тізімге алынуын өткізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2
Қабылданған күні
15.01.2010
Көрсетілген редакция
23.04.2010 · қолданыстағы AI50162_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
23.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10VR000090
ЭКБ идентификаторы
50162
Редакция идентификаторы
AI50162_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:18

0 Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру учаскесіне 1993 жылы туған жасөспірімдерді тізімге алынуын өткізу туралы

Үржар ауданының шақыру учаскесіне 1993 жылы туған азаматтарды тіркеу өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17, 18 және 44 баптарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 «Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына сәйкес, Үржар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Үржар ауданының шақыру учаскесіне 1993 жылы туған азаматтарды тіркеу өткізілсін.

2 2. Шақыру учаскесіне тіркелетін 1993 жылы туған азаматтарды медициналық куәләндіру 2010 жылдың 5 қаңтар - 30 наурыз аралығында жүргізілсін.

3 3. «Үржар ауданының № 1 медициналық бірлестігіне» Коммуналды Мемелекеттік Қазыналық Кәсіпорны директорына (Мадрахимов Бейсенғазы Абылайұлы) (келісімі бойынша) төмендегі ұсынылсын:

1 1) медициналық куәландыруды өткізу үшін қажетті мөлшерде маман-дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлер бөлу;

2 2) жатып емделетін орындарды, емдеу-сауықтыру мекемелеріне тіркеу жөніндегі комиссияның жолдамалары бойынша азаматтарды қосымша тексеру үшін бос орындар бөлу;

3 3) қажетті мөлшерде медициналық аспаптармен, мүлікпен қамтамасыз ету;

4 4) тіркеу учаскесіне тіркеу жүргізіліп, емделуге мұқтаж шақырушылардың тізімдері тапсырылған соң, оларды емдеу мекемелеріне бекітіп, толық емделіп шығуын ұйымдастыру.

4 4. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім (майор Құлсеитов Қанатбек Дүйсенұлы) (келісімі бойынша) төмендегі шараларды өткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын:

1 1) 1993 жылы туған азаматтардың тізімге алынуын өткізуге әскерге шақыру пунктін дайындау;

2 2) жергілікті бюджет қаражаты есебінен шақырылатындардың жеке істерін рәсімдеп, шақыру қағаздарын тарату үшін 5 техникалық жұмысшы қызметке алыну;

3 3) 1993 жылы туған азаматтарды зерделеу үшін қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жеке құрамына барлық ауылдық округқа баратын жылжымалы топ құру. Зерделеуді 2010 жылдың 1 ақпанына дейін өткізу.

Жоғарғы әскери орындарына түсуге ниет білдіруші жасөспірімдерге үгіт-насихат жұмысын жүргізуге арнайы топ құрылсын, білімі жақсы жасөспірімдерді жоғарғы әскери оқу орнына, Кадет корпусына және әскери техникалық мектебіне іріктеу жүргізу.

5 5. Ауылдық округ әкімдеріне тіркелуге тиісті азаматтарды ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылғандығы туралы хабардар етуге және олардың дер кезінде келуін ұйымдастырсын.

6 6. «Аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Әбдкәрімов Нұржан Оразбекұлы) төмендегі шаралар міндеттелсін:

1 1) әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу және білім деңгейі тексерілсін;

2 2) әскери техникалық мамандық бойынша даярлауға үміткерлер іріктелсін.

7 7. Үржар ауданының ішкі істер бөлімі (М. Мұздыбаев) (келісімі бойынша) төмендегі ұсынылсын:

1 1) бұрын сотталған немесе жазасын өтеп жүрген, қоғамға жат әрекеттері мен басқадай қылмыстары үшін тергеуде жүрген, тіркелуге тиісті азаматтар туралы қорғаныс істері жөніндегі бөлімге хабарлау;

2 2) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын орындаудан жалтарып жүргендерді іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру.

8 8. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

9 9. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.