Құжат мәтініне өту

О приписке граждан 1993 года рождения к призывному участку

Өзге акт · № 2 · қабылданған 25.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1993-ekb-50209/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О приписке граждан 1993 года рождения к призывному участку Күшін жойған Өзге акт ·№ 2 ·25.12.2009
23.04.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О приписке граждан 1993 года рождения к призывному участку

Күшін жойған Өзге акт ·№ 2 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О приписке граждан 1993 года рождения к призывному участку
Атауы (қаз.)
1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2
Қабылданған күні
25.12.2009
Көрсетілген редакция
23.04.2010 50209_209224.kaz
Соңғы өзгеріс
23.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09CL000108
ЭКБ идентификаторы
50209
Редакция идентификаторы
50209_209224
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:33

0 1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдегі Заңының 17-бабына сәйкес, ШЕШЕМІН:

1 1. Аудан аумағында тұрақты және уақытша тұратын 1993 жылы туған еркек жынысты азаматтарды 2010 жылдың қаңтарынан 2010 жылдың наурызына дейінгі кезеңде «Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу жүргізілсін.

2 2. «Хромтау орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының (келісім бойынша) бас дәрігеріне ұсынылсын:

1 1) Тіркеуді жүргізу жөніндегі аудандық комиссия билігіне білікті дәрігерлердің, орта деңгейлі медициналық мамандардың қажетті санын бөлуді;

2 2) тіркеуді жүргізу жөніндегі аудандық комиссияны дәрідәрмекпен, құралдармен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз етуді;

3 3) тіркеу жүргізу үстінде анықталып, қосымша тексеруге жіберілген науқас әскерге шақыру жасына дейінгілерді емдеуді қамтамасыз етуді.

3 3. «Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, тіркеуді жүргізу жөніндегі аудандық комиссияның жұмысына қажетті мөлшерде техникалық жұмысшыларды бөлсін.

4 4. «Хромтау аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, іс шараларды өткізу үшін қарастырылған қаржыны мерзімінде бөлінсін.

5 5. Хромтау қаласы және селолық округ әкімдері белгіленген мерзімде хабарды жеткізуді ұйымдастырып, азаматтардың тіркеуге уақытында жеткізілуін қамтамасыз етсін.

6 6. «Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) бастығына ұсынылсын:

Тіркеу жүргізу кезінде әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін әскерге шақыру жасына дейінгілер арасынан үміткерлерді іріктеу бойынша үгіт–тәрбие жұмыстарын жүргізуді.

7 7. «Ақтөбе облысының ішкі істер Департаменті Хромтау ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) бастығына ұсынылсын:

Тіркеу жүргізу кезінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыруды қамтамасыз етуді.

8 8. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің осы мәселені жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

9 9. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы