Қаратал ауданы бойынша 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
ҚАЗҚаратал ауданы бойынша 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Қаратал ауданы бойынша 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Атауы (қаз.)
- Қаратал ауданы бойынша 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 12-28
- Қабылданған күні
- 25.12.2009
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2010 · қолданыстағы 50306_213734.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09DL000138
- ЭКБ идентификаторы
- 50306
- Редакция идентификаторы
- 50306_213734
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:33
0 Қаратал ауданы бойынша 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17–бабының 3-тармағына сәйкес, 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алуды сапалы жүргізу, сондай-ақ жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскери қызметке шақыруға дайындық жұмыстарын жақсарту мақсатында Қаратал ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. 2010 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алынсын.
2 2. 1993 жылы туылған, сондай-ақ шақыру учаскесінде бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтарды дер кезінде, толық және ұйымшылдықпен тіркеуге алу қамтамасыз етілсін.
3 3. "Қаратал ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (М. Қорғанбаев) ұсынылсын:
1 1) 2010 жылғы 17 қаңтарға дейін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жасөспірімдердің істері жөніндегі инспекцияда есепте тұрған жастардың тізімін беру.
2 2) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне әскерге шақыру учаскесінде тізімге тұрудан жалтарып жүрген жастарды іздестіруде көмек көрсету, ол үшін аудандық ішкі істер бөлімі мен қорғаныс істері жөніндегі бөлімі өкілдерінен іздестіруді бақылау және іздестіру тобын құру.
4 4. "Қаратал ауданының орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (Б. Құмаров) ұсынылсын:
1 1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тізімге алушыларды медициналық тексеруден өткізу кезінде жан-жақты көмек көрсету жөніндегі шараларды әзірлеу.
2
2) 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1993 жылы туылған, амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың қажетті медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық және психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірімдер кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрған жастардың тізімін тапсыру.
3 3) тіркеуге алуға дейін 1993 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізу.
4 4) ауыратыны анықталған жасөспірімдердің арасындағы сауықтыру жұмыстарын тікелей медициналық тексеру кезінде бастау, олардың тізімін осы жасөспірімдердің тұрғылықты жерлеріндегі емхананың маман- дәрігерлеріне тапсыру.
5 5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (С. Амандосов):
аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге мүгедек деп танылатын 1993 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын.
6 6. "Қаратал ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (С. Тыныстанов):
1 1) тіркеуге алу кезінде орта білімі жоқ жастарды анықтау үшін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне мұғалім бөліп, олардың оқуын ұйымдастырсын.
2 2) 1993 жылы туылған жастар арасында әскери оқу орындарына түсетін кандидаттарды іріктеп алу жұмысын жүргізсін.
7 7. Аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімі (Ж. Әлімбетов):
кәсіпорындарда, ұйымдарда және оқу орындарында әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жастардың дайындығына бақылауды жүзеге асырсын.