Құжат мәтініне өту

"Ойыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде 1993 жылғы туған азаматтарды тіркеу туралы

Өзге акт · № 1 · қабылданған 10.01.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 26.04.2010 редакциясы
https://adilet.kz/laws/1993-ekb-50345/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
"Ойыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде 1993 жылғы туған азаматтарды тіркеу туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 ·10.01.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

"Ойыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде 1993 жылғы туған азаматтарды тіркеу туралы

ҚАЗ"Ойыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде 1993 жылғы туған азаматтарды тіркеу туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 · қабылданған 10.01.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
"Ойыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде 1993 жылғы туған азаматтарды тіркеу туралы
Атауы (қаз.)
"Ойыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде 1993 жылғы туған азаматтарды тіркеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1
Қабылданған күні
10.01.2010
Көрсетілген редакция
26.04.2010 · қолданыстағы 50345_209251.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
26.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10CK000072
ЭКБ идентификаторы
50345
Редакция идентификаторы
50345_209251
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:21

0 "Ойыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде 1993 жылғы туған азаматтарды тіркеу туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабына сәйкес ШЕШЕМІН:

1

1. 2010 жылдың 15 қаңтары мен 31 наурызы аралығында «Ойыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу жылы 17 жасқа толатын 1993 жылы туған азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген, Ойыл ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеу жүргізілсін.

2 2. Азаматтарды тіркеуге байланысты іс-шаралар жергілікті бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылсын.

3 3. «Ойыл аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына (Ж. Қамбаров-келісім бойынша) «Ойыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағына бөлу ұсынылсын:

1 1) шақырушыларға медициналық куәлік беруді жүргізу үшін қажетті дәрігер мамандарды және медбикелерді;

2 2) тіркелушілерді медициналық құжаттармен сапалы және толық қамтамасыз ету үшін жеткіншектер кабинеттерінің дәрігерлерін;

3 3) дәрігер-мамандардың резервтік құрамын;

4 4) медициналық комиссия жұмысы үшін қажетті медициналық мүліктерді, құралдарды және дәрі-дәрмектерді.

4 4. Селолық округтер әкімдері «Ойыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің талабы бойынша шақырушыларды оларды шақырту пунктіне шақырылғандығын хабарласын және жеткіншектедің уақытында келуін қамтамасыз етсін.

5 5. Азаматтарды әскери шақыру жасына дейінгі есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметінің сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босатылатындығы жөніндегі заң талаптары орындалсын.

6 6. «Ойыл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С. Сүлейменов) «Ойыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (С. Отаров-келісім бойынша) бірлесе отырып, аудан мектептерінде оқитын 1993 жылы туылған жасөспірімдердің толық тіркеуге алынуын қамтамасыз етсін.

7

7. «Ойыл аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С. Смагулов-келісім бойынша), Ойыл аудандық сотына (А. Қаржауов-келісім бойынша) тіркеу жүргізу кезеңінде Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18-бабында қарастырылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

8 8. «Ойыл аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» (Ш. Қарабалина) мен «Ойыл аудандық қаржы бөлімі» (М. Сембі) мемлекеттік мекемелері белгіленген заң талаптарына сәйкес азамттарды тіркеу жөніндегі іс- шараларды жергілікті бюджеттен қаржыландыру шараларын алсын.

9 9. Азаматтарды әскери есепке қоюға байланысты жұмыс аяқталғаннан кейін «Ойыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С. Отаров-келісім бойынша) тіркеу қорытындысы туралы аудан әкіміне 2010 жылдың 5 сәуірінде жазбаша хабарласын.

10 10. Осы шешімнің арындалуын бақылау аудан әкімі орынбасары М. Абдуллинге жүктелсін.

11 11. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.