"Ойыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде 1993 жылғы туған азаматтарды тіркеу туралы
ҚАЗ"Ойыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде 1993 жылғы туған азаматтарды тіркеу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- "Ойыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде 1993 жылғы туған азаматтарды тіркеу туралы
- Атауы (қаз.)
- "Ойыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде 1993 жылғы туған азаматтарды тіркеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 10.01.2010
- Көрсетілген редакция
- 26.04.2010 · қолданыстағы 50345_209251.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 26.04.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10CK000072
- ЭКБ идентификаторы
- 50345
- Редакция идентификаторы
- 50345_209251
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:21
0 "Ойыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде 1993 жылғы туған азаматтарды тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабына сәйкес ШЕШЕМІН:
1
1. 2010 жылдың 15 қаңтары мен 31 наурызы аралығында «Ойыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу жылы 17 жасқа толатын 1993 жылы туған азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген, Ойыл ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеу жүргізілсін.
2 2. Азаматтарды тіркеуге байланысты іс-шаралар жергілікті бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылсын.
3 3. «Ойыл аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына (Ж. Қамбаров-келісім бойынша) «Ойыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағына бөлу ұсынылсын:
1 1) шақырушыларға медициналық куәлік беруді жүргізу үшін қажетті дәрігер мамандарды және медбикелерді;
2 2) тіркелушілерді медициналық құжаттармен сапалы және толық қамтамасыз ету үшін жеткіншектер кабинеттерінің дәрігерлерін;
3 3) дәрігер-мамандардың резервтік құрамын;
4 4) медициналық комиссия жұмысы үшін қажетті медициналық мүліктерді, құралдарды және дәрі-дәрмектерді.
4 4. Селолық округтер әкімдері «Ойыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің талабы бойынша шақырушыларды оларды шақырту пунктіне шақырылғандығын хабарласын және жеткіншектедің уақытында келуін қамтамасыз етсін.
5 5. Азаматтарды әскери шақыру жасына дейінгі есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметінің сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босатылатындығы жөніндегі заң талаптары орындалсын.
6 6. «Ойыл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С. Сүлейменов) «Ойыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (С. Отаров-келісім бойынша) бірлесе отырып, аудан мектептерінде оқитын 1993 жылы туылған жасөспірімдердің толық тіркеуге алынуын қамтамасыз етсін.
7
7. «Ойыл аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С. Смагулов-келісім бойынша), Ойыл аудандық сотына (А. Қаржауов-келісім бойынша) тіркеу жүргізу кезеңінде Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18-бабында қарастырылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.