Құжат мәтініне өту

1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы

Өзге акт · № 1-4 · қабылданған 11.01.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 31.12.2010 редакциясы
https://adilet.kz/laws/1993-ekb-50450/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 1-4 ·11.01.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы

ҚАЗ1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 1-4 · қабылданған 11.01.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы
Атауы (қаз.)
1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1-4
Қабылданған күні
11.01.2010
Көрсетілген редакция
31.12.2010 · қолданыстағы 50450_191600.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
31.12.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10DG000084
ЭКБ идентификаторы
50450
Редакция идентификаторы
50450_191600
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:21

0 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы

Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруға жастарды дайындау жұмысын жақсарту мен тіркеуді сапалы, әрі ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. 1993 жылы туылған ересек жастағы азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу 2010 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында жүргізілсін.

2 2. Селолық және поселкелік округтердің әкімдері:

1 1) аудандық әскери басқару органдарына шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын әскери жасына дейінгілердің тізімін тапсырсын;

2 2) әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды олардың аудандық әскери басқару органдарына шақырылғаны туралы хабардар етуге және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

3 3) әскери-есептік құжаттарында аудандық әскери басқару органдарының әскери есепке алғаны туралы белгілер болған кезде әскери міндеттілер мен әскери шақырушыларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді жүзеге асырсын;

3 3. «Жамбыл ауданының ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Келгенбаев Бейбіт Дүйсенбайұлы, келісімі бойынша), аудандық әскери басқару органдарына оларға қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілер туралы хабарлап отырсын.

4 4. «Жамбыл ауданының орталық ауруханасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (Молдахалықова Доғдыркүл Өмірқұлқызы, келісімі бойынша):

1 1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімі тізімге алынушыларды медициналық тексеруден өткізу кезінде жан-жақты көмек көрсету жөніндегі шараларды әзірлесін, бұл іске тәжірибелі дәрігерлер мен қажетті орта медициналық қызметкерлерді қатыстырсын;

2

2) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1993 жылы туылған амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың қажетті медициналық құжаттарын, туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық және психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірім кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрған жастардың тізімін тапсырсын;

3 3) тіркеуге алуға дейін 1993 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізсін;

4 4) ауыратыны анықталған жасөспірімдердің арасындағы сауықтыру жұмыстарын тікелей медициналық тексеру кезінде бастасын, олардың тізімін осы жасөспірімдердің тұрғылықты жерлеріндегі емхананың маман - дәрігерлеріне тапсырсын.

5 5. Жамбыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Қарымбаев Жақсылық Сұлтанұлы, келісімі бойынша), аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге мүгедек деп танылған барлық әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы мәліметтер берсін.

6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бекқожаев Ғадылжан Бекболатұлына жүктелсін.

7 7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.