1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы
Күшін жойған
Өзге акт
·№ 1-4
·
13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы
- Атауы (қаз.)
- 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1-4
- Қабылданған күні
- 11.01.2010
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2010 · қолданыстағы 50450_191600.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10DG000084
- ЭКБ идентификаторы
- 50450
- Редакция идентификаторы
- 50450_191600
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:21
0 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруға жастарды дайындау жұмысын жақсарту мен тіркеуді сапалы, әрі ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. 1993 жылы туылған ересек жастағы азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу 2010 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында жүргізілсін.
2 2. Селолық және поселкелік округтердің әкімдері:
1 1) аудандық әскери басқару органдарына шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын әскери жасына дейінгілердің тізімін тапсырсын;
2 2) әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды олардың аудандық әскери басқару органдарына шақырылғаны туралы хабардар етуге және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
3 3) әскери-есептік құжаттарында аудандық әскери басқару органдарының әскери есепке алғаны туралы белгілер болған кезде әскери міндеттілер мен әскери шақырушыларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді жүзеге асырсын;
3 3. «Жамбыл ауданының ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Келгенбаев Бейбіт Дүйсенбайұлы, келісімі бойынша), аудандық әскери басқару органдарына оларға қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілер туралы хабарлап отырсын.
4 4. «Жамбыл ауданының орталық ауруханасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (Молдахалықова Доғдыркүл Өмірқұлқызы, келісімі бойынша):
1 1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімі тізімге алынушыларды медициналық тексеруден өткізу кезінде жан-жақты көмек көрсету жөніндегі шараларды әзірлесін, бұл іске тәжірибелі дәрігерлер мен қажетті орта медициналық қызметкерлерді қатыстырсын;
2
2) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1993 жылы туылған амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың қажетті медициналық құжаттарын, туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық және психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірім кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрған жастардың тізімін тапсырсын;