Об организации и обеспечении приписки граждан 1993 года рождения к призывному участку Тимирязевского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении приписки граждан 1993 года рождения к призывному участку Тимирязевского района
- Атауы (қаз.)
- Тимирязев ауданының шақыру учаскесінде 1993 жылы туылған азаматтардың тіркеуін қамтамасыз ету және ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 46
- Қабылданған күні
- 21.12.2009
- Көрсетілген редакция
- 29.11.2010 50504_201748.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.11.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09SL000099
- ЭКБ идентификаторы
- 50504
- Редакция идентификаторы
- 50504_201748
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:42
0 Тимирязев ауданының шақыру учаскесінде 1993 жылы туылған азаматтардың тіркеуін қамтамасыз ету және ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 17-бабына 3-тармағына сәйкес, әскерге дейінгі шақырылатындарды әскери есебіне алу мақсатында, аудан әкімі ШЕШТІ:
1 1. Тимирязев ауданының аймағында тұратын, бұрын тіркеуден өтпеген 1993 жылы туылған және ересек жастағыларды, Қазақстан Республикасының ер жынысты азаматтарын 2010 жылғы қаңтар-наурызында шақыру учаскесінде тіркеу ұйымдастырылсын.
2 2. Селолық округ әкімдеріне:
1 1) «Тимирязев ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сұранысына сәйкес, шақыру учаскесінде тіркеуге жататын ер жынысты азаматтардың тізімі ұсынылсын;
2 2) тіркеу өткізу үшін шақыру учаскеге азаматтардың уақыттылы келуі туралы оларға хабардың жеткізілуі қамтамасыз етілсін;
3 3. 2010 жылғы қаңтар-наурызында азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу өткізу кезеңіне тіркеу өткізу бойынша аудандық комиссия келесі құрамында құрылсын:
комиссия төрағасы – Александр Николаевич Константинов «Тимирязев ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша);
комиссия төрағасының орынбасары – Алма Ахметбекқызы Шаяхметова «Тимирязев ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы;
комиссия мүшелері:
Анарбек Хасизұлы Байғұдинов – «Тимирязев ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Айман Қажытайқызы Мұстафина – Тимирязев орталық аудандық ауруханасының дәрігері, медицина қызметкерлері құрамының жұмысын басқарушы - медициналық комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Сара Шабданқызы Қалкенова – комиссия хатшысы, Тимирязев орталық аудандық ауруханасының медбикесі (келісім бойынша);
4 4. Тимирязев орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Сәбира Науқанқызы Даироваға ұсыну (келісім бойынша):
1 1) «Тимирязев ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының өтінімі бойынша тіркеуге жататын азаматтарды медициналық куәландыру үшін дәрігер мамандар бөлу;
2 2) медициналық комиссияны қажетті медициналық-санитарлық жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;
3 3) қатарына дейін шақырылғандарды медициналық куәландыру бойынша тәжірибесі бар үш медбике бөлу;
5 5. Селолық округ әкімдеріне осы жұмысқа жауапты адаммен алыс жерде тұратын әскер қатарына шақырылғандарды тұратын орынынан шақыру учаскесіне дейін және қайта тұратын жеріне дейін жеткізуін қамтамасыз ету.
6 6. «Тимирязев ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне:
«Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар» 122-005-000 қарастырылған бюджеттік бағдарлама паспортымен, іс-шараларды жүзеге асыру үшін қаржыландыру жоспарының орындалуын қамтамасыз ету;
тіркеу өткізу уақытына әскер қатарына шақырылғандарға техникалық жұмыстарды өткізу үшін құжаттарды ресімдеуге екі адам санында техникалық қызметкерлермен еңбек шарттарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысына сәйкес еңбекақы төленсін.
7 7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.В. Ганжаға, «Тимирязев ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Н. Константиновқа жүктелсін.
8 8. Осы шешім ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілген:
2009 жылғы 21 желтоқсан
Александр Николаевич Константинов -
«Тимирязев ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
2009 жылғы 21 желтоқсан
Самат Сәлімұлы Сахатов -
«Тимирязев ауданының ішкі
істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы
2009 жылғы 21 желтоқсан
Сәбира Науқанқызы Даирова -
Тимирязев орталық аудандық
ауруханасының бас дәрігері