Құжат мәтініне өту

1993 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуге алу туралы

Өзге акт · № 12-14 · қабылданған 30.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.12.2010 редакциясы
https://adilet.kz/laws/1993-ekb-50516/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
1993 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуге алу туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 12-14 ·30.12.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

1993 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуге алу туралы

ҚАЗ1993 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуге алу туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 12-14 · қабылданған 30.12.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
1993 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуге алу туралы
Атауы (қаз.)
1993 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуге алу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
12-14
Қабылданған күні
30.12.2009
Көрсетілген редакция
09.12.2010 · қолданыстағы 50516_203516.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
09.12.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09DF000064
ЭКБ идентификаторы
50516
Редакция идентификаторы
50516_203516
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:25

0 1993 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуге алу туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен шақырушылардың әскери есебін жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес, сондай-ақ 1993 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде есепке алуды уақытында және сапалы жүргізу мақсатында Балқаш аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туылған, сонымен қатар алдыңғы тіркеуден өтпей қалған жастары үлкен азаматтарды шақыру учаскелеріне есепке алуды жүргізсін.

2 2. Селолық округ әкімдері 1993 жылы туылған, сондай-ақ шақыру учаскелерінде бұрын тіркеуге алынбаған, жасы ұлғайған азаматтарды дер кезінде толық тіркеуге алуды шақыру комиссиясына уақытысында келулерін қамтамасыз етсін.

3 3. Балқаш аудандық ішкі істер бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы (Құтпанов Ринат Болатұлы) (келісім бойынша) мына мәселелерді қамтамасыз етсін.

1 1) Қорғаныс істері жөніндегі бөлімшелерге жасөспірімдердің істері жөніндегі инспекцияларда есепте тұрған жастардың тізімін берсін;

2

2) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімшелерге, әскерге шақыру учаскелерінде тізімге тұрудан жалтарып жүрген жастарды іздестіруде көмек көрсетсін, оларды жедел іздестіру мақсатында әр селолық округінде ішкі істер бөлімі мен қорғаныс істері жөніндегі бөлім өкілдерінен бақылау және іздестіру жұмыстарын жүргізсін;

3 3) комиссияның шақыру кезінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін.

4 4. Балқаш ауданының орталық аудандық ауруханасы мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері (Мұратбаев Ринат Алмазұлы) (келісім бойынша) мына мәселелерді қамтамасыз етсін.

1 1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркеуге алынушыларды медициналық тексеруден өткізу кезінде әскери қызметке жарамдылығын және денсаулығының жағдайын анықтау жұмыстарын жүргізуге дәрігерлер мен қажетті орта медициналық қызметкерлерді қатыстырсын;

2

2) 2010 жылы 1 қаңтарға дейін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1993 жылы туылған жастарға амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың қажетті медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық және психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірімдер кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрғандардың тізімін тапсырсын;

3 3) тіркеуге алуға дейін 1993 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізсін;

4 4) ауыратыны анықталған жасөспірімдердің арасындағы сауықтыру жұмыстарын тікелей медициналық тексеру кезінде бастасын, олардың тізімін осы жасөспірімдердің тұрғылықты жерлеріндегі емхананың маман-дәрігерлеріне тапсырсын.

5 5. Балқаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы (Сқабаев Бақыт) Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне.

1 1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне мүгедек деп танылатын 1993 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын.

6 6. Балқаш аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы (Нұрпейісова Назым) тіркеуге алу кезінде.

1 1) жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу жұмыстарын ұйымдастырсын.

7 7. Балқаш аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы (Жақыпов Қахар Рахметұлы).

1 1) кәсіпорындарда, ұйымдарда және оқу орындарында әскери қолданбалы спорт түрлері бойынша жастардың дайындығына бақылауды жүзеге асырсын;

8 8. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Рахымбаевқа жүктелсін.

9 9. Осы шешім баспасөзден алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.