1993 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуге алу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 1993 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуге алу туралы
- Атауы (қаз.)
- 1993 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуге алу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 12-14
- Қабылданған күні
- 30.12.2009
- Көрсетілген редакция
- 09.12.2010 · қолданыстағы 50516_203516.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.12.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09DF000064
- ЭКБ идентификаторы
- 50516
- Редакция идентификаторы
- 50516_203516
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:25
0 1993 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуге алу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен шақырушылардың әскери есебін жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес, сондай-ақ 1993 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде есепке алуды уақытында және сапалы жүргізу мақсатында Балқаш аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туылған, сонымен қатар алдыңғы тіркеуден өтпей қалған жастары үлкен азаматтарды шақыру учаскелеріне есепке алуды жүргізсін.
2 2. Селолық округ әкімдері 1993 жылы туылған, сондай-ақ шақыру учаскелерінде бұрын тіркеуге алынбаған, жасы ұлғайған азаматтарды дер кезінде толық тіркеуге алуды шақыру комиссиясына уақытысында келулерін қамтамасыз етсін.
3 3. Балқаш аудандық ішкі істер бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы (Құтпанов Ринат Болатұлы) (келісім бойынша) мына мәселелерді қамтамасыз етсін.
1 1) Қорғаныс істері жөніндегі бөлімшелерге жасөспірімдердің істері жөніндегі инспекцияларда есепте тұрған жастардың тізімін берсін;
2
2) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімшелерге, әскерге шақыру учаскелерінде тізімге тұрудан жалтарып жүрген жастарды іздестіруде көмек көрсетсін, оларды жедел іздестіру мақсатында әр селолық округінде ішкі істер бөлімі мен қорғаныс істері жөніндегі бөлім өкілдерінен бақылау және іздестіру жұмыстарын жүргізсін;
3 3) комиссияның шақыру кезінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін.
4 4. Балқаш ауданының орталық аудандық ауруханасы мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері (Мұратбаев Ринат Алмазұлы) (келісім бойынша) мына мәселелерді қамтамасыз етсін.
1 1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркеуге алынушыларды медициналық тексеруден өткізу кезінде әскери қызметке жарамдылығын және денсаулығының жағдайын анықтау жұмыстарын жүргізуге дәрігерлер мен қажетті орта медициналық қызметкерлерді қатыстырсын;
2
2) 2010 жылы 1 қаңтарға дейін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1993 жылы туылған жастарға амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың қажетті медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық және психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірімдер кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрғандардың тізімін тапсырсын;