Ұйғыр ауданы бойынша 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
ҚАЗҰйғыр ауданы бойынша 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ұйғыр ауданы бойынша 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Атауы (қаз.)
- Ұйғыр ауданы бойынша 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 12-66
- Қабылданған күні
- 25.12.2009
- Көрсетілген редакция
- 08.04.2010 · қолданыстағы AI50518_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 08.04.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09DS000087
- ЭКБ идентификаторы
- 50518
- Редакция идентификаторы
- AI50518_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:32
0 Ұйғыр ауданы бойынша 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. 2010 жылдың қаңтар - наурыз айларында 1993 жылы туылған, сонымен қатар алдыңғы тіркеуден өтпей қалған жастары үлкен азаматтарды шақыру учаскелеріне есепке алуды жүргізсін.
2 2. Селолық округтер әкімдері:
1 1) 2009 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген нысан бойынша аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1993 жылы туылған жасөспірімдердің тізімдерін тапсырсын;
2 2) 1993 жылы туылған, сондай-ақ түрлі себептермен шақыру учаскесінде бұрын тізімге алынбаған жасы ұлғайған азаматтарды дер кезінде толық және ұйымшылдықпен тізімге алуды қамтамасыз етсін;
3 3) тізімдердің дұрыстығын тексеруде (Ф-1) қорғаныс істер жөніндегі бөлімге нақты көмек көрсете отырып, денсаулық жағдайына қарамастан 1993 жылы туылған азаматтардың барлығын тізімге алынуын, шақыру учаскесінде олардың тізімделуінің нақты өткізілуін қатаң бақылауға алсын.
3 3. Ұйғыр аудандық орталық ауруханасы мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дөрігері Мамбеталиев Ақжолтай Тұрдалыұлына (келісім бойынша):
1
1) тізімге алынғанға дейін 1993 жылы туылған барлық жасөспірімдердің кеуде қуысы органдарын флюрографиялық тексеруден өткізуді, эритроциттердің тыну жылдамдығын, гемоглабинді, лейкоцидтерді анықтай отырып, қандарын сараптауды, зәрдегі белок құрамын анықтау, электрокардиограммасын, сондай-ақ резустың оң және терістігін анықтауды жүргізсін;
2 2) 2010 жылдың 5 қаңтарына дейін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне науқастың Ф-25 нысанадағы амбулаториялық картасы мен Ф-25 қосымшасын, туберкулез, жүйке аурулары диспансерлерінде және жасөспірімдер тізімін берсін;
3 3) шақырылушылар арасындағы емдеу-сауықтыру жұмыстары тізімге алу кезінде басталынсын, хирургиялық және тонзилоэктомиялық қажеттілік жағдайында 2010 жылдың мамыр айында аяқталынсын.
4
4. Аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Аликеева Кулжахан Кәкішқызы, аудандық білім бөлімінің бастығының міндетін уақытша атқарушы Сайдахметова Венера Анарбекқызы, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Хитахунов Турсун жастарды Қазақстандық патриотизмге, Отан қорғауды конституциялық міндетін мүлтіксіз орындауға баулу жөніндегі тәрбие жұмыстарын жандандырсын.