Құжат мәтініне өту

1993 жылы туылған азаматтарды Шалқар аудандық қорғаныс істер бөлімінің шақыру участкесіне тіркеуді жүргізу туралы

Өзге акт · № 1 · қабылданған 10.01.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1993-ekb-50567/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
1993 жылы туылған азаматтарды Шалқар аудандық қорғаныс істер бөлімінің шақыру участкесіне тіркеуді жүргізу туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 ·10.01.2010
03.07.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

1993 жылы туылған азаматтарды Шалқар аудандық қорғаныс істер бөлімінің шақыру участкесіне тіркеуді жүргізу туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
1993 жылы туылған азаматтарды Шалқар аудандық қорғаныс істер бөлімінің шақыру участкесіне тіркеуді жүргізу туралы
Атауы (қаз.)
1993 жылы туылған азаматтарды Шалқар аудандық қорғаныс істер бөлімінің шақыру участкесіне тіркеуді жүргізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1
Қабылданған күні
10.01.2010
Көрсетілген редакция
03.07.2010 · қолданыстағы 50567_209266.kaz
Соңғы өзгеріс
03.07.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10CM000120
ЭКБ идентификаторы
50567
Редакция идентификаторы
50567_209266
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:21

0 1993 жылы туылған азаматтарды Шалқар аудандық қорғаныс істер бөлімінің шақыру участкесіне тіркеуді жүргізу туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы 1 тармағының 13 тармақшасы және 37 бабының негізінде аудан әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. 2010 жылдың 10-қаңтары мен 31 наурызы аралығында Шалқар ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелу жасы 17-ге толатын 1993 жылы туылған азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген, тұрақты немесе уақытша Шалқар аумағында тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеу жүргізілсін.
Шараларды орындауға қатысты шығындар жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

2 2. Аудандық емханасының бас дәрігері (Ж. Көптілеуов келісім бойынша) аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің сұранысына сәйкес мыналарды бөлсін:

1 1) бекітілген құрамға сәйкес тіркелетіндерге медициналық куәлік беруді жүргізу үшін дәрігер мамандарды;

2 2) тіркелетіндерді медициналық құжаттармен сапалы және толық қамтамасыз ету үшін жеткіншектер кабинеттерінің дәрігерлерін;

3 3) медициналық комиссия жұмысы үшін қажетті медициналық мүліктерді, құралдарды және дәрі-дәрмектерді.

3 3. Меншік түріне қарамастан кәсіпорын, мекеме, ұйым және оқу орындарының басшылары:

1 1) тіркеуге жататын азаматтарға хабар берсін, оларды аудандық шақыру пунктіне шақырсын және олардың бұл шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін;

2 2) шақыруға дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттілерді орындауға қажетті уақытқа оларды жұмыстан ( оқудан) босатсын.

4 4. Аудандық білім бөлімі (Қ. Табаналы), аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы (А. Қоныратбаев келісім бойынша) бірлесе отырып қала, селолық округтер мектептерінде оқитын барлық 1993 жылы туылған жасөспірімдерді толық тіркеуге алуды бақылауды жүзеге асырсын.

Тіркелу кезінде анықталған барлық орта білімі жоқ жасөспірімдерді кейіннен күндізгі және сырттай жалпы білім беру мектептерінде оқытатындай етіп, есепке алсын.

5 5. "Шалқар қаласындағы N 1 аула клубы" ММ-нің бастығы (Н. Мәмбетов) азаматтарды әскер қатарына шақыруға дайындау және тіркеу кезінде N 1 аула клубын қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пункті ретінде пайдалануға беретін болсын.

6 6. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы (И. Ерішов) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне ақылы қоғамдық жұмысқа жұмысшылар бөлсін.

7 7. Аудандық ішкі істер бөліміне (Қ. Ақшолақ келісім бойынша) тіркеуді жүргізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция нарядын бөлсін.

8 8. Селолық округтер әкімдері аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің талабы бойынша әскерге шақырылатын жасқа дейінгілер мен әскерге шақырылушыларды шақырту пунктіне шақырылғанын хабарласын және уақытында келуін қамтамасыз етсін.

9 9. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы А. Қоңыратбаевқа азаматтардың әскерге шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету шараларын алсын. Тіркеу қорытындысы туралы 2010 жылдың 31 наурызында аудан әкіміне хабарласын.

10 10. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасары З. Жұмабаеваға және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Ж. Қоңыратбаевқа жүктелсін.

11 11. Осы шешім Шалқар аудандық әділет басқармасында тіркеліп алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы