1993 жылы туылған азаматтарды әскери шақыру учаскесіне есепке алу мен тіркеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету туралы
ҚАЗ1993 жылы туылған азаматтарды әскери шақыру учаскесіне есепке алу мен тіркеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 1993 жылы туылған азаматтарды әскери шақыру учаскесіне есепке алу мен тіркеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету туралы
- Атауы (қаз.)
- 1993 жылы туылған азаматтарды әскери шақыру учаскесіне есепке алу мен тіркеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1-2
- Қабылданған күні
- 25.01.2010
- Көрсетілген редакция
- 25.06.2010 · қолданыстағы 50570_194565.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 25.06.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10DN000086
- ЭКБ идентификаторы
- 50570
- Редакция идентификаторы
- 50570_194565
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:14
0 1993 жылы туылған азаматтарды әскери шақыру учаскесіне есепке алу мен тіркеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туылған, сонымен қатар бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар әскери шақыру учаскесінде тіркеуге алынсын.
2 2. Кенттік, ауылдық округ әкімдеріне:
1 1) шақыру учаскесінде тіркелуге тиіс 1993 жылы туылған азаматтардың және түрлі себептермен шақыру учаскесінде бұрын тізімге алынбаған жасы ұлғайған азаматтардың тізімі "Алматы облысы Ескелді ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын;
2 2) шақыру учаскесіне тіркелуге жататын азаматтарға оларды әскери шақыру учаскесіне жеке шақыру қағазы арқылы хабардар етуге және оларды шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін;
3 3) тізімдердің дұрыстығын тексеруде қорғаныс істер жөніндегі бөлімге нақты көмек көрсете отырып, денсаулық жағдайына қарамастан 1993 жылы туылған азаматтардың барлығының тізімге алынуын, шақыру учаскесінде олардың тізімделуінің нақты өткізілуін қатаң бақылауға алсын;
3 3."Көксу ауданының орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Ағыбаев Ғани Бартайұлына (келісім бойынша):
1
1) "Алматы облысы Ескелді ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әскери шақыру учаскесіне тіркелетіндерді тізім бойынша олардың әскерге жарамдылығын анықтау үшін, барлық жасөспірімдердің кеуделеріне флюрография, электрокардиограмма, эритроциттердің тыну жылдамдығын, гемоглабинді, лейкоцидтерді анықтай отырып, қандарын сараптауды, зәрдегі белок құрамын анықтау, сондай-ақ резустың оң және терістігіне тексеру жүргізілсін;