Құжат мәтініне өту

1993 жылы туылған азаматтарды әскери шақыру учаскесіне есепке алу мен тіркеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету туралы

Өзге акт · № 1-2 · қабылданған 25.01.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.06.2010 редакциясы
https://adilet.kz/laws/1993-ekb-50570/?version=50570_194565.kaz
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
1993 жылы туылған азаматтарды әскери шақыру учаскесіне есепке алу мен тіркеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 1-2 ·25.01.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

1993 жылы туылған азаматтарды әскери шақыру учаскесіне есепке алу мен тіркеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету туралы

ҚАЗ1993 жылы туылған азаматтарды әскери шақыру учаскесіне есепке алу мен тіркеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 1-2 · қабылданған 25.01.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
1993 жылы туылған азаматтарды әскери шақыру учаскесіне есепке алу мен тіркеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету туралы
Атауы (қаз.)
1993 жылы туылған азаматтарды әскери шақыру учаскесіне есепке алу мен тіркеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1-2
Қабылданған күні
25.01.2010
Көрсетілген редакция
25.06.2010 · қолданыстағы 50570_194565.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
25.06.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10DN000086
ЭКБ идентификаторы
50570
Редакция идентификаторы
50570_194565
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:14

0 1993 жылы туылған азаматтарды әскери шақыру учаскесіне есепке алу мен тіркеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туылған, сонымен қатар бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар әскери шақыру учаскесінде тіркеуге алынсын.

2 2. Кенттік, ауылдық округ әкімдеріне:

1 1) шақыру учаскесінде тіркелуге тиіс 1993 жылы туылған азаматтардың және түрлі себептермен шақыру учаскесінде бұрын тізімге алынбаған жасы ұлғайған азаматтардың тізімі "Алматы облысы Ескелді ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын;

2 2) шақыру учаскесіне тіркелуге жататын азаматтарға оларды әскери шақыру учаскесіне жеке шақыру қағазы арқылы хабардар етуге және оларды шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін;

3 3) тізімдердің дұрыстығын тексеруде қорғаныс істер жөніндегі бөлімге нақты көмек көрсете отырып, денсаулық жағдайына қарамастан 1993 жылы туылған азаматтардың барлығының тізімге алынуын, шақыру учаскесінде олардың тізімделуінің нақты өткізілуін қатаң бақылауға алсын;

3 3."Көксу ауданының орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Ағыбаев Ғани Бартайұлына (келісім бойынша):

1

1) "Алматы облысы Ескелді ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әскери шақыру учаскесіне тіркелетіндерді тізім бойынша олардың әскерге жарамдылығын анықтау үшін, барлық жасөспірімдердің кеуделеріне флюрография, электрокардиограмма, эритроциттердің тыну жылдамдығын, гемоглабинді, лейкоцидтерді анықтай отырып, қандарын сараптауды, зәрдегі белок құрамын анықтау, сондай-ақ резустың оң және терістігіне тексеру жүргізілсін;

2 2) 2010 жылдың 10 қаңтарына дейін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне науқастың нысанындағы амбулаториялық картасы мен қосымшасын, туберкулез, жүйке аурулары диспансерлерінде және жасөспірімдер кабинетінде есепте тұрғандардың тізімін берсін;

4 4. "Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Шаяхметова Айгүл Нұртайқызы:

1 1) мүгедек деп танылған 1993 жылы туылған азаматтар тізімін "Алматы облысы Ескелді ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әскери шақыру учаскесіне тапсырсын.

5 5. "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Төкенова Сағымбала Күлсейітқызына:

1 1) тізімдеу кезінде орта білімі жоқ азаматтарды анықтау мақсатында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жалпы білім деңгейі және мамандығы белгіленген азаматтар тізімі ұсынылсын.

6 6. "Көксу аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Байжұрынов Бақмұрат Дүйсембайұлы (келісім бойынша):

1 1) әскери шақыру учаскесіне тіркелуден жалтарған азаматтарды іздестіру іс-шараларын ұйымдастырсын;

7 7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Садықова Әлия Секерғалиқызына жүктелсін.

8 8. Осы шешім ресми түрде жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізілсін.