1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуге алу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуге алу туралы
- Атауы (қаз.)
- 1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуге алу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 32
- Қабылданған күні
- 01.02.2010
- Көрсетілген редакция
- 19.04.2010 · қолданыстағы AI50577_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.04.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10VN000105
- ЭКБ идентификаторы
- 50577
- Редакция идентификаторы
- AI50577_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:10
0 1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуге алу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17, 18 баптары, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысына сәйкес, ШЕШЕМІН:
1 1. Күршім ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен (келісім бойынша) 1993 жылы туған жасөспірімдерді 2010 жылы қаңтар-наурызда шақыру учаскесіне тіркеуге алу өткізілсін.
2 2. Аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Т. Бахтияровқа:
1 1) коммуналдық шығындарын;
2 2) жасөспірімдерді әскери есепке тіркеу уақытында қосымша жанар-жағар май бөлінуін, кеңсе заттарының шығындарын;
3 3) жасөспірімдерді әскери шақыру учаскесіне тіркеуде дәрігерлік тексеруге және емдеуге жұмсалған шығындарды;
4 4) әскери-дәрігерлік комиссияға, әскерге шақырылатын азаматтардың іс-құжаттарын дайындау үшін техникалық қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тапсырмасымен келісім шарттар бойынша қабылдауды аудан бюджетінде қаралған қаржы есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Аудандық № 1 медициналық бірлестігінің директоры Ф.О. Игісіновке және № 2 медициналық бірлестігінің директоры Б.З. Арнапасовқа (келісімі бойынша):
1 1) әскери шақыру учаскесіне тіркеуге алынатын жасөспірімдерді арнайы бөлмелерде тексеруден өткізу үшін медициналық комиссиясының жергілікті маман дәрігерлермен, орта медициналық қызметшілермен, қажетті мөлшерде медициналық аспаптармен, мүлікпен қамтамасыз ету;
2 2) әскери оқу орындарына үміткерлерді медициналық куәләндіру және емдеу жүргізілетін емдеу мекемелерін белгілеу, қосымша тексеруге қажет жататын орын бөлу ұсынылсын.
4
4. Ауылдық округ әкімдеріне, аудандық білім бөліміне (Ә.Қ. Қосамбековке) азаматтық алған, бұрын әскери есепте тұрмаған азаматтарды тіркеу учаскесіне жеткізу, іссапардағы, демалыстағы азаматтардың шақырылуын қамтамасыз ету, жасөспірімдерді әскери есепке тіркеу учаскесіне жеткізетін арнайы адамдар бөлу, жасөспірімдерді шақыру учаскесіне тіркеу уақытында жабдықталған көлікпен жеткізуді қамтамасыз ету және оларды тасымалдауда оқыс оқиғалардан сақтанудың барлық шараларын сақтау міндеттелсін.