Құжат мәтініне өту

Райымбек ауданы бойынша 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Өзге акт · № 12-32 · қабылданған 30.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1993-ekb-50621/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Райымбек ауданы бойынша 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 12-32 ·30.12.2009
20.01.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Райымбек ауданы бойынша 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 12-32 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Райымбек ауданы бойынша 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Атауы (қаз.)
Райымбек ауданы бойынша 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
12-32
Қабылданған күні
30.12.2009
Көрсетілген редакция
20.01.2011 · қолданыстағы AI50621_1.kaz
Соңғы өзгеріс
20.01.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09DO000078
ЭКБ идентификаторы
50621
Редакция идентификаторы
AI50621_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:24

0 Райымбек ауданы бойынша 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының, Қазақстан Республикасындағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабының 1 тармағының 13 тармақшасы, Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. 2010 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туылған, сонымен қатар алдыңғы тіркеуден өтпей қалған жастары үлкен азаматтарды шақыру учаскелеріне есепке алуды жүргізсін.

2 2. Селолық, поселкелік округтер әкімдері:

1 1) 2009 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген нысан бойынша аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1993 жылы туылған жасөспірімдердің тізімдерін тапсырсын;

2 2) 1993 жылы туылған, сондай-ақ түрлі себептермен шақыру учаскесінде бұрын тізімге алынбаған жасы ұлғайған азаматтарды дер кезінде толық және ұйымшылдықпен тізімге алуды қамтамасыз етсін;

3 3) тізімдердің дұрыстығын тексеруде (Ф-1) қорғаныс істер жөніндегі бөлімге нақты көмек көрсете отырып, денсаулық жағдайына қарамастан 1993 жылы туылған азаматтардың барлығының тізімге алынуын, шақыру учаскесінде олардың тізімделінуінің нақты өткізілуін қатаң бақылауға алсын;

3 3. Аудандық орталық ауруханасы мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының бас дәрігері Тилемисов Бақыт Даукенұлына (келісім бойынша):

1

1) тізімге алынғанға дейін 1993 жылы туылған барлық жасөспірімдердің кеуде қуысы органдарын флюрографиялық тексеруден өткізуді, эритроциттердің тыну жылдамдығын, гемоглобинді, лейкоциттерді анықтай отырып, қандарын сараптауды, зәрдегі белок құрамын анықтау, электрокардиограммасын, сондай-ақ резустың оң және терістігін анықтауды жүргізсін;

2 2) 2010 жылдың 5 қаңтарын дейін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне науқастың Ф-25 нысандағы амбулаториялық картасы мен Ф-25 қосымшасын, туберкулез, жүйке аурулары диспансерлерінде және жасөспірімдер тізімін берсін;

3 3) шақырылушылар арасындағы емдеу-сауықтыру жұмыстары тізімге алу кезінде басталынсын, хирургиялық және тонзилооктомиялық қажеттілік жағдайында 2010 жылдың мамыр айында аяқталынсын;

4 4. Зейнетақы төлеу жөніндегі орталығының Алматы облыстық филиалының Райымбек аудандық бөлімшесінің бастығы Тұмабаев Ақжол Мұқатайұлына (келісім бойынша):

1 1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне мүгедек деп танылған 1993 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын;

5 5. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Оңғаров Болат Кеңесұлына (келісімі бойынша):

1 1) тізімге алу алдында қорғаныс істер жөніндегі бөліміне 1993 жылы туылған азаматтар арасында әкімшілік жауапкершілікке тартылған, бас еркінен айырылған және тіркеудегі, нашақорлыққа салынғандардың тізімін берсін;

6 6. Аудандық «Білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының міндетін уақытша атқарушы Боранғазиева Светлана Аниятқызына:

1 1) тіркеуге алу кезінде орта білімі жоқ жастарды анықтау үшін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне мұғалім-педогогтар бөліп, олардың оқуын ұйымдастырсын;

2 2) 1993 жылы туылған жастар арасында әскери оқу орындарына түсетін кандидаттарды іріктеп алу жұмыстарын жүргізсін;

3 3) тіркелген бозбалалардың шынығу дайындығы деңгейін анықтау үшін оқу орындарында сынақтан өткізу ұйымдастырсын;

4 4) тіркеу кезінде спорттың әскери қолданбалы түрлерінен шаралар өткізу жандандырылсын;

7 7. Аудандық «Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Әбілғазиев Нұрдаулет Пазылжанұлына (келісім бойынша:

1 1) атқарылған жұмыстары туралы 2010 жылдың 5 сәуіріне аудан әкіміне хабарлама берсін;

8 8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қуанышев Ерлік Қуанышұлына жүктелінсін.

9 9. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

Қолданыстағы