1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
- Атауы (қаз.)
- 1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 01
- Қабылданған күні
- 26.01.2010
- Көрсетілген редакция
- 12.04.2010 · қолданыстағы AI50763_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.04.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10VP000091
- ЭКБ идентификаторы
- 50763
- Редакция идентификаторы
- AI50763_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:13
0 1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, ШЕШЕМІН:
1
1. 2010 жылдың қаңтар – наурызында 2010 жылы он жеті жасқа толған Тарбағатай ауданының еркек жынысты азаматтарын Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін, денсаулық жағдайын, жалпы білімдік деңгейі мен мамандығын, дене даярлығының, деңгейін анықтау, әскерге шақырушыларды алдын-ала белгілеу және әскери- техникалық мамандар бойынша дайындауға іріктеу мақсатында, тұрғылықты жері бойынша іріктеу өткізілсін.
2 2. Әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдасқан түрде, уақытында өткізу мақсатында – ауылдық округтер және кенттер әкімдеріне, аудан бюджетіне қаржыландырылатын мекемелер басшыларына:
1 1) 2010 жылдың 10 қаңтарына дейін 1993 туған еркек жынысты азаматтардың тізімін анықтап, Тарбағатай ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне белгіленген үлгіде жазбаша хабарласын:
2 2) тіркелетіндерге қажетті және шақыру қағаздарында көрсетілген құжаттарды уақытында беруді және жинақтауды қамтамасыз етсін;
3 3) жасөспірімдерді флюорографиялық зерттеуге, анализ тапсыруға, тіркеу комиссиясына құру қағазында көрсетілген мерзімде келуін қамтамасыз етсін.
3 3. «Тарбағатай ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ж. Бекбаев) бюджетпен бекітілген шекте азаматтардың тіркеуін жүргізу шараларын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Тарбағатай аудандық ауруханасына (Д. Итбаевқа келісім бойынша) тіркеуден өтетін азаматтардың:
денсаулық жағдайын, әскерге жарамдылық дәрежесін анықтау үшін аудандық медициналық комиссия құру;
зертханалық және флюорографиялық тексеруден өтуін қамтамасыз ету: стационарлық зерттеуден өтуі үшін емханалардан қажетті санда төсек орын бөлу ұсынылсын.