Панфилов ауданының шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген, 1993 жылы туылған және үлкен жасты ер азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру туралы
ҚАЗПанфилов ауданының шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген, 1993 жылы туылған және үлкен жасты ер азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Панфилов ауданының шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген, 1993 жылы туылған және үлкен жасты ер азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру туралы
- Атауы (қаз.)
- Панфилов ауданының шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген, 1993 жылы туылған және үлкен жасты ер азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 01-01
- Қабылданған күні
- 27.01.2010
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2010 · қолданыстағы 51050_195268.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10DP000105
- ЭКБ идентификаторы
- 51050
- Редакция идентификаторы
- 51050_195268
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:12
0 Панфилов ауданының шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген, 1993 жылы туылған және үлкен жасты ер азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қазақстан Республикасының 1993 жылы туылған ер азаматтары мен шақырылу жасынан өткен, бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген ересек ер азаматтары 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында Панфилов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде тіркеуден өткізілсін.
2 2. "Панфилов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (М. Ж. Мұқанов келісім бойынша):
1 1) 1993 жылы туылған және одан үлкен жаста, бұрын шақыру учаскесінде тіркелмеген Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеу жұмыстарын ұйымдастырып өткізу.
2 2) 1993 жылы туылған және одан үлкен жаста, бұрын шақыру учаскесінде тіркелмеген Қазақстан Республикасының ер азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеу қорытындысы туралы ақпаратты 2010 жылғы 10 сәуірге дейін аудан әкіміне тапсыру ұсынылсын.
3 3. "Панфилов ауданының орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (Т. Сарпеков келісім бойынша):
2010 жылғы қаңтар айында 1993 жылы туылған ер азаматтардың барлығына амбулаторлық, диспансерлік, Ф N 025/у және Ф N 025-1/у карталары "Панфилов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тапсыру ұсынылсын.
4 4. Қалалық, ауылдық округтерінің әкімдері:
Шақыру учаскесіне тіркелуге тиіс 1993 жылы туылған Қазақстан Республикасының ер азаматтарының тіркеу учаскесіне келуін қамтамасыз ету және олардың тізімдерін Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне ұсыну тапсырылсын.